"Отбасының" досы. Санжар Боқаев Қазақстанда аласапыран жасағысы келе ме?

none

Утильалымге қарсы күрескер неліктен Қазақстан қалаларын қиратуды қалайды?

Кейбір анонимді Telegram-арналар Қазақстанда қаңтар оқиғаларының қайталануы болады деп болжаған 22 наурыз да өтті. Алайда, ешқандай төтенше жағдай орын алған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға ұшып келіп, «Астана» алаңында өткен мерекелік концертте қала тұрғындарының алдында сөз сөйледі. Алайда, қоғамды тұрақсыздандыру қаупі сейілген жоқ. Украинада болып жатқан соғыс жағдайы шартында біздің қоғамда жаңа ақаулар пайда болып жатыр. Ал әлеуметтік желілердегі моральдық-психологиялық жағдай желі пайдаланушыларын депрессияға түсіріп, заман ақыр сезімін төндіріп тұрғандай...

Наурыз мерекесіне дейін Қазақстанда «қаңтар оқиғаларын» өз пайдасына жаратуға тырысқан бірқатар тұлғалар тұтқындалды. Атап айтқанда, қос Қайрат – Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені – Қайрат Сатыбалды мен Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы – Қайрат Боранбаев қамауға алынды. Ал Дариға Нұрсұлтанқызының өзі Мәжіліс депутаты мандатынан бас тартты. Дегенмен, ол Отан үшін қызмет етуді жалғастыра беретінін және ол үшін ешқандай мансаптың керегі жоқ екенін айтты. Осы арқылы ол жеке өзі немесе сенімді саясаткерлері арқылы Қазақстанның алдағы қайта құрылу үрдісіне қатыса беретінін меңзейтіндей. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев өзінің Youtube-каналында да айтқан болатын. Яғни, ол кезінде «Асар» партиясы арқылы Елбасының қолынан билікті басып алуды ойлаған деген болжамын жеткізген еді. Ертісбаевтың айтуынша, экс-президенттің үлкен қызы әрқашан үлкен саясатқа «қапталдағы қақпа» арқылы кіріп үйренген. Сондықтан басқаның қолымен от көсеп үйренген қыз өзінің ескі дағдысынан бас тарта қоюы екіталай.

Бұл ретте, бір қызықты жайт еске түседі. Ресейдің Украина аумағына басып кіруінің аз-ақ алдында, 17 ақпан күні бұрын Алматы әкімдігінде (Ахметжан Есімов кезінде) және "ҚазТрансГаз" компаниясында (Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі) лауазымды қызметтер атқарған саясаттанушы және бизнесмен Санжар Бокаев «Namys» цифрлық партиясын құратынын мәлімдеген болатын. Дәл сол күні құрамына Арман Шораев, Бақытжан Төреғожина, Марғұлан Сейсенбай, Мұхтар Жәкішев, Тоғжан Қожалиева және Боқаевтың өзі сияқты танымал тұлғалар енген «Ел Болашағы» қоғамдық-саяси бастамашыл тобы Қазақстанды реформалау туралы ұсыныстарын мәлімдеді.

Ал қазір осы топ Ресейге Қазақстан «нағыз русофобия елі» екенін дәлелдеуге бар күштерін салуда. Олар Ресейдің қазіргі көрші елде жүргізіп жатқан «ұлтшылдықты жою» әскери әрекетінің шеңберіне біздің елді де қосуды армандайтындай... «Бейбітшілік үшін» деген тақырыппен өтуі тиіс Алматыдағы митингтің ұйымдастырушылардың араласуымен («Ел Болашағы» компаниясынан) Ресейге қарсы акцияға айналып кеткенінің өзі неге тұрады.

Енді Дариға Назарбаеваның сенімді саясаткері – Санжар Боқаевты кеңірек таныстырайық. Қазір ол қазақстандықтарды жаңа қанды қырғынға бастауы мүмкін кезекті «бейбіт митинг» ұйымдастыру үстінде. 12 наурызда ол утиль алым шегін 50 пайызға төмендетуге арналған наразылық акциясын өткізуді жоспарлаған болатын. Ал қазір ол Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі мазмұнын бұзуға әрекет етіп жатыр. Бірақ Тоқаев ұсынған реформаларды жылы қабылдаған әлеуметтік желідегі өз аудиториясын үркітіп алмау үшін, ол бұл әрекетін өте сақтықпен жасауда.

Колумбия университетінің (АҚШ) түлегі Санжар Боқаев өзінің қызметтік карьерасын Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қатардағы қызметкер санатынан бастаған болатын. 2012 жылы ҚСЗИ-нан қалалық әкімдікке ауысады және бірден Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына отырады. Екі жылдан кейін әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне тағайындалады. Осы лауазымда белгілі оппозиционер Гүлжан Ерғалиеваның кезекті медиажобасының түбіне жетеді. 2015 жылдың тамызында мемлекеттік қызметтен кетіп, 2017 жылдың маусымына дейін «ҚазТрансГаз» ұлттық газ компаниясы Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып қызмет атқарады. Тоқтай тұрыңыз, әңгіме Дариға Назарбаеваның «екінші күйеуі» Қайрат Шәріпбаев туралы болатын. Ал біз айтып отырған Санжар – осы отбасының нағыз досы.

Санжардың жоғарыда біз айтқан екі лауазымнан да кету себебі ерекше. RNbee ақпараттық порталы бұл туралы барлық мән-жайды зерттеген болатын. Олардың дерегі бойынша қалалық әкімдікте Боқаевтың қарамағында жұмыс істеген бойжеткен оның тарапынан үнемі «қырындау шабуылы» болғанын айтқан. Санжарды сол үшін жұмыстан шығарады, бірақ, дәніккен дағдыдан бас тарту екінің бірінің қолынан келе бермейді екен...

«Келесі қызмет сатысы «ҚазТрансГаз» ірі газ компаниясында құмарлыққа желіккен Санжар мырза алдыңғы жапа шеккен қыздың құрбысын өз нысанына алған», - деп жазады басылым.

Осылайша өзінің сексуалды өрескел әрекеттері әшкере болған соң Боқаев бірден утиль алыммен күресуші тұлғаға айналып шыға келеді. Айтпақшы, ол өзінің құрбандарына ұсынысты дәстүрлі емес жолмен жасағанды ұнатқан дейді. Яғни, біз саясаткердің классикалық үлгісін көріп отырмыз. Оның дәлелі тиісті материалдармен көрсетіліп тұр. Ал утиль алымымен күрес – Елбасының әулеті ішіндегі жанжалдан басқа ештеңе емес. Яғни, үлкен әпкесі өзінің сіңлісі Әлия Назарбаеваның медиадағы белсенділігін ұнатпаған сияқты. Сондықтан ол сіңлісін үлкен кіріс көзінен айыруға тырысты. Ал өзінің рейтингін сақтап қалу үшін утиль алым мәселесін ұран қылып пайдаланып отырған Боқаев бір айдан бері өз қолдаушыларына қашан партия құратынын айта алмай отыр.

Бірақ қазір Санжар араласқан бұл топқа партия құру мәселесі айдан алыс болып отыр. Олардың қазіргі басты міндет – Кремль мен Ақорданың арасына от жағу. Бұл әрине қазіргі жағдайда Қазақстанды тұрақсыздыққа әкелетін сценарий. Боқаев әзірге ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығу тақырыбын көтеруге сақтық танытып отыр. Бірақ, Владимир Путинге арналған Гаага трибуналының әрекетін «Youtube» арнасында талқылап үлгерді. Ол сонымен қатар, Тоқаевтың беделін түсіру ісіне білек сыбана кірісіп, мемлекет басшысының «Швейцариядағы есеп-шоттары» туралы жалған ақпарат таратумен айналысуда. Бірақ, ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәлімдемесі туралы жақ ашпады.

«Ел болашағы» қозғалысы үш аптадан бері өздерінің боттарының қолдауымен әлеуметтік желілерде Ресейге қарсы ақпараттық шабуылдар жасап жатыр. Біздің ойымызша, жақын арада Кремль жұртшылықты «тыныштандыруды» талап ететін сияқты. Егер бүгінге дейін сұрап үлгермеген болса... Қазақстандық шенеуніктердің жұртшылықпен жұмыс істеудегі өздерін қалай ұстайтынын ескерсек, мұндай «өтініштің» ең ебедейсіз түрде орындалатынына күмән жоқ. Ал бұл Санжар Боқаевтың кешіне жиналғандар үшін Ресейге қарсы тағы бір (немесе бірнеше) наразылық акциясын өткізуге сылтау болары анық.

Айтпақшы, бүгінде бұл топ тағы бір үлкен қоғамдық жанжалға шатылып отыр: Антон Бударов Facebook желісінде серіктестерінің көмегімен украиндықтар үшін 150 миллион теңге көмек жинап алып, оның нақты есебін шығарып бере алмай отырған Тоғжан Қожалиеваның күмәнді әрекеттерін әшкереледі.. Бірақ бұл ақшаның қайда кететіні түсініксіз. Әйтеуір, Боқаевтың партиясын қолдауға және оның бұрынғы қолдаушысының жоспарларын жүзеге асыруға жұмсалмайтын шығар...

Украинадағы оқиғалар XXI ғасырдың саяси субъектілері өздеріне сенім артқан адамдарды ешқандай моральдық принцптермен есептеспей, өлімге айдап, мүмкіндігінше арсыз істерге пайдаланатынын көрсетеді. Қаңтар айында біздің еліміз де бұны бастан өткерді. Бірақ әлеуметтік желілер мен ондағы қалыптасқан көзқарас көрсеткендей, ешкім өткеннен сабақ алмаған сияқты. Ал бұл дегеніміз – олардың бізді еліміздегі қалаларды қирандыға айналдырғанға дейін пайдалана беретінін көрсетеді.

«S»

Айдары: Дүрбі 28.03.2022 2808

Қатысты мазмұн