"Демократиялық күштер коалициясының" митингісі өтпейтін болды

none

Алматы қаласы әкімдігі президент сайлауына қарсылық білдірмек болған белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бермеді. Бұл жөнінде құқық қорғаушы, белсенді Ерлан Қалиев Фейсбук парақшасында хабарлады.

Ерлан Қалиевтің жазуынша, бұған дейін белсенділер 17 қыркүйекте сағат 12.00-15.00 аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда митинг өткізетінін айтып, "Қазақстанның демократиялық күштер коалициясы" атынан әкімдікке ескерту хат тапсырған. Алайда 14 қыркүйекте әкімдік ескертуді кері қайтарып, алдағы сенбіде ол жерде қоғамдық-мәдени шара өтетінін айтқан.

Коалицияның А жоспары іске аспай қалды, демек ол Ә жоспарын іске асыруға кірісуі керек. Сайлау өтпей қоймайтын болған соң белсенділер президент сайлауына ұсынатын ортақ кандидатын іріктеуді қолға алуға тиіс.

Осы орайда журналист әрі саяси белсенді Ермұрат Бапи "Демократиялық күштер коалициясы оны оппозициядан ортақ кандидат ретінде ұсынуды жоспарлап отыр деген ақпараттың жай қауесет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, олар алдымен саяси реформалар мен сайлау заңнамасын өзгертуге қол жеткізуі керек, содан кейін сайлауға үміткерлерді таңдауға тиіс болады.

Айдары: Дүрбі 14.09.2022 79

Қатысты мазмұн