“Байтақ” партиясы халыққа үндеу жариялады

none

Жақында тіркеуден өтіп, құрылтай сиезін өткізбек болып отырған Қазақстанның жасылдар партиясы өзінің бағдарламасын жариялады. Партия қызметін экологиялық ой-сана қалыпастыруға құруды көздейтін оның басшысы Азаматхан Әміртай әлеуметтің желідегі парақшасында тиісті жазба орналастырды.

«Еркіндік. Әділдік. Тұрақты даму.

Еркіндік — бұл әр адамның және әр азаматтың құқығы. Ол өзге адамның дәл сондай еркіндігімен ғана шектелуі мүмкін, сол себепті оны тек позитивті тұрғыда түсіну қажет әрі оны ешқашан бассыздық, жүгенсіздік ретінде қабылдауға болмайды!

Әділдік — меритократия негізіндегі әлеуметтік теңдікті қарастыратын әлеуметтік қауымдастықтардың орынды заңы. Билікті озбырлықпен тартып алуға жол берілмейді, себебі бұл зорлық-зомбылыққа алып келетін жол. Демек, Үкімет адамдардың құқықтарын да, заңдарды да меншіктеуге құқылы емес. Орнықты даму – бұл патриотизм және гуманизмге –өз Отанына және табиғатына деген махаббатына көзқарастары әртүрлі адамдарды біріктіре алатын құндылықтар негізінде саналы тұтыну арқылы қол жеткізілетін қоғамның жай-күйі.

Экологиялық ой-сана— бұл халықтың бір ортақ мақсат үшін жұмылатын кезі. Бұл жеке жайлылық пен қоршаған орта үшін пайда арасында үйлесімділікке қол жеткізілген жағдай!» - деп жазады ол.

Жасылдардың алға қоятын мақсаты - әлеуметтік әділдік.

Бұл адам өзінің тұрмыс-тіршілігінің жағдайына, қоғамдағы өзінің орнына және тұлға ретінде өзін-өзі дамытуына барынша қанағаттанатындай қоғамдық қарым-қатынастар деңгейіне жету.

«Біз «Байтақ» жасыл партиясын құрып жатырмыз!

Біз адам және табиғатқа зиян келтіретін эмитент кәсіпорындардың қоршаған ортаға келтіретін залалдарына баға беру сараптамасын жүргізу үшін күресетін боламыз!

Біз табиғатқа және қазақстан халқының денсаулығына келтірілген залалдар үшін эмитент-кәсіпорындардың әрбір иесінен сот арқылы өтемақы өндіретін боламыз!

Біз қоршаған ортаны қорғау мақсатында эмитент-кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүзеге асыратын боламыз.

Біз табиғи ресурстарды қоғамдық игілік ретінде ұқыпты пайдалану және биологиялылық алуан түрлілікті сақтау үшін күресетін боламыз!» - делінген құжатта.

Партияның іс-әрекеті:

«- Өсімдік және жануарлар әлемін қорғауға, биологиялылық алуан түрлілікті сақтау;

  • Табиғи ресурстарды орнықты пайдаланудың жалпы әлемдік қағидаттарын енгізу;
  • Табиғатты сақтайтын, инновациялық технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау саласын цифрландыру;
  • Халықтың, жекелей алғанда жас ұрпақтың табиғатты қорғауға бағытталған ой-санасын тәрбилеу. Партия өзінің қағидаларын «Таза ауа, таза су, Таза жер, Таза адами қарым-қатынастар!» деп айқындады.

Азаматхан Әміртайдың мәлімдеуіше, жасылдар партиясының қоятын талаптары «Қазақстан халқына және табиғатына келтірілген залал өтелуі тиіс!!!», «Халыққа тиесілі еліміздің ұрланған байлықтары қайтарылуы тиіс!» деп белгіленген.

Құжат жүзінде тартымды көрінетін жасылдардың бағдарламасының іс жүзіне қалай асатынын алдағы уақыт көрсетеді. Популистік идеяларды алға тартуды әдет қылған конъюнктурашыл партияларға сенуден қалған жұртшылық кезекті рет фрустрацияға ұшырамағаны, яғни бағдарламасы жалаң ұранға айналмай, іс-қимылы эколог Мэлс Елеусізовтің қызметін еске түсіретін деңгейде болмаса игі.

Айдары: Дүрбі 04.09.2022 232

Қатысты мазмұн