Зейнеткер Мусин Лондонда не істеп жүр?

none

23 ақпанда олигарх Александр Машкевич туған күнін Лондонда тойлады. Оған Президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусин Черногориядан ат арылтып барды: досына шапан жауап, туған күнімен құттықтады. Александр да жан досы Асланды қатты сағыныпты...

Қазақ қоғамында зейнеткерлер тұрмыстың күйбең тірлігін ұрпағына аманаттап, өздері қалған өмірін той тойлап өткізетін дәстүр бар. Десек те, әбден билеп-төстеп, бірді отқа итеріп, екіні боққа тығатын саяси интригамен шұғылданып әдеттеніп қалған Мусин ондай шалдың қатарында емес. Бұдан былай өзі тақтан дәметпесе де, өзінің жақын адамын үкілеп саяси бәйгеге қосып жіберудің айла-шарғысын ойластырып, жар астында жоспар құрып жатады. Саясатпен шұғылдануға, ауқымды саяси жобаларды жүзеге асыруға мол қаржы керек. Ондай басы артық қаржы Машкевичтің қолында болмағанда, басқа кім қолында бар дейсің...

Орталық Азияның саясат алаңынан қарасақ, қырғыздан шыққан Машкевич пен қазақтан шыққан Құлыбаев әмірикандық Соростан бір мысқал да кем емес, экономиканы айтпағанда аймақтағы кез келген саяси режимді төңкеріп тастайтын әлеуеті бар. Бұл қыл толтырған былғары қолғап киіп жұдырықтасатын ашық ринг емес, олигархтар түкті қолымен қалтарыстан оңдырмай жойқын соққы бере алады.

Ораз Әлімбеков

Айдары: Түтін 27.02.2024 94

Қатысты мазмұн