Марат Жыланбаев саяси марафонында адасты

none

Әбілязовтың сандырақ идеяларына сеніп, оның пешкасына айналып, өзінің жолын өзі кесіп, түрмеге түскен Марат Жыланбаев туралы не білеміз? Ашық дереккөзге сүйенетін qazpolit.org мәліметіне назар аударайық. Марат Төлегенұлы Жыланбаев 1963 жылғы 19 тамызда Талды ауылында (Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы) дүниеге келген. Ол Азия, Африка, Австралия және Америкадағы планетаның ең үлкен шөлдерінен жүгіріп өткен жер бетіндегі жалғыз адам, әр шөлде кемінде 1200 км жүгірді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлемге әйгілі Қазақстанның супермарафоншысы. Халықаралық супермарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Гиннестің рекордтар кітабына енген марафон жүгіру бойынша жеті әлемдік рекорд орнатқан.

Гиннес кітабындағы рекордтары: 1990 жылғы 6 қазаннан 1991 жылғы 5 қазанға дейін бір күнтізбелік жылда (365 күнде) әрқайсысының ұзындығы 42 км 195 м 226 классикалық марафонды жүгіріп өтті. 1991 жылғы 2 наурыздан 24 наурызға дейін 23 күннің ішінде қатарынан 23 классикалық марафонды жүгіріп өтті. 1991 жылғы 1 маусымнан 15 маусымға дейін 15 күннің ішінде (күніне 2 марафоннан) 30 классикалық марафонды жүгіріп өтті, сонда бір марафондағы орташа нәтижесі - 4 сағат 00 минут 54 секунд. Ең ұзақ жорығы - 1992 жылғы 2-22 сәуір Қарақұм (Азия) арқылы еді, спортшы 20 күнде 1200 км. Сахара шөлі (Африка) арқылы ең ұзақ жүгіріс жасап, 1993 жылғы 25 ақпан-23 наурыз – 24 күнде 1700 км еңсерді. Ұлы Виктория шөлі (Австралия) арқылы ең ұзақ жүгіріс жасады, 1993 жылғы 24 қараша – 13 желтоқсан – 22 күнде 1600 км. Невада шөлі (Америка) арқылы ең ұзақ жүгіріс жасады, 1994 ж. 1-19 сәуір – 17 күнде 1218 км.

7 жасында Марат Жыланбаев ата-анасынан айырылып, балалар үйіне түсті. Кейін спорт техникумына оқуға түсті. Айтуынша, ол балалар үйінен жиі қашып, жалғыз өзі автостоппен Кеңес Одағын аралап жүрді. Осы сапарларда Новосибирск, Омбы, Алматы, Шу, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларында болыпты. Вокзал, құдық, қараусыз қалған шахта, балабақша сияқты жерлерді паналап түнеген. Өзін Кеңес Одағы жылдарында өзінің салған суреттерін Батысқа долларға сата бастаған қазақстандық тұңғыш суретші деп атайды.

1995 жылы Жыланбаев өзін планетаның ең күшті адамы болып сезінді. Әлемде бірінші болып дүние жүзін айналып жүгіріп, жаңа рекордтар орнатқысы келді. Оған түрлі ұйымдар мен адамдар, соның ішінде ел президенті де көмектесуге уәде берді-мыс. Жыланбаев билеттерді брондады, өтінім берді және барлық жинаған ақшасын жабдық сатып алуға жұмсады. Бірақ жеме-жемге келгенде оған ешкім қолдау көрсеткен жоқ: сапарға шығуға бір апта қалғанда оған қолдау да, ақша да жоқ деп айтылды.

Кейін Жыланбаев белсенді наразылық жолына түсті. 2016 жылғы 21 мамырда полиция Қазақстанның көптеген қаласында рұқсат етілмеген митинг өткізу әрекетінің жолын кесті. Бірнеше қалада Жер кодексіне енгізілген түзетулерге келіспегендер 21 мамырда митинг өткізуге өтінім берген. Жергілікті атқарушы органдар оған рұқсат берген жоқ. Бірақ құқық қорғау органдарының рұқсат етілмеген жиналысқа қатысқаны үшін жауапкершілік және белсенділерді қамауға алу туралы бірнеше рет мәлімдеме жасағанына қарамастан, азаматтар көше-көшеге шықты. Сол күні Жыланбаев та ұсталды.

2021 жылғы 10 қаңтарда Марат Жыланбаев сайлауға қарсы митинг өткізу жоспарланған Нұр-Сұлтанның ескі орталығында тағы да ұсталды. Сонда Жыланбаев Азаттыққа хабарлағандай, ол және басқа да ұсталған адамдар Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, наразылық білдіруінің мақсаты туралы жауап алынып, үш сағаттан астам ұстапты. Маған ҚДТ-ны («Қазақстанның демократиялық таңдауы» – Қазақстанда тыйым салынған саяси ұйым) қолдайтын заңсыз митингіге қатысты деп айып тағуға тырысты. Ешқандай партия мен ұйымның мүшесі емеспін, азаматтық ұстанымым үшін шыққанымды айттым», – деді марафоншы.

2021 жылы желтоқсанда Марат Жыланбаев билікті және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынағаны үшін сотқа тартылды. Жыланбаевты «тұңғыш президент - Елбасының беделіне нұқсан келтірді» деп айыптаған «Ар-Бедел» қоры дәлел ретінде жарияланым скриншоттарын келтіріп, спортшыдан жазбаларды жоюын талап етті, бірақ супермарафоншы посттарын жоюдан үзілді-кесілді бас тартып, Қазақстанда сөз бостандығына қол жеткізбек екенін мәлімдеді. 2022 жылдың қаңтарында Марат Жыланбаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен абыройын қорғау ісі бойынша сотта жеңгені белгілі болды.

2022 жылғы 10 шілдеде Марат Жыланбаев қамауға алынғанын хабарлады. Мұны спортшы Фейсбукте жазды. «Мені қамауға алды», - деп жазды Жыланбаев. Басқа мәлімет берген жоқ. Тұтқындалғаны туралы жазғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң Жыланбаев босатылғанын хабарлады. «Қолдағандарыңызға рақмет. Менде бәрі жақсы, мені жіберді», - деп жазды марафоншы.

Кейінірек белгілі болғандай, Жыланбаевқа Мұхтар Әбілязовтың тағы бір жобасы – тіркелмеген «Алға, Қазақстан» партиясына қатысқаны үшін 153 мың теңге айыппұл салынған. Ол қамауға алынар алдында белсенділермен бірге әлеуметтік желілер мен көшеде адамдарды партияға кіруге шақыратын үнпарақтар таратқан. Бұған жауап ретінде спортшы өзін ұстаған полицейдің үстінен Астана қаласының әкімшілік сотына шағым түсірген, өйткені оның пікірінше тәртіп сақшысының әрекеті заңсыз болған.

24 шілде күні кешке Жыланбаев пен оның серіктестері елорданың Орталық қалалық саябағына тағы да үнпарақ таратуға шықты. Акция барысында азаматтық киім киген адамдар супермарафоншымен партиялар оның екі жолдасын ұстап, Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Белсенділер сағат 19:00-де ішкі істер басқармасына барып, жолдастарын босатуды талап етті. Бір сағаттан кейін Жыланбаевты тұтқындармен кездесу үшін ғимаратқа кіргізді. Алайда кіреберісте оны азаматтық киім киген үш адам ұстап алып, тергеушінің кабинетіне жауап алуға алып кетті. Супермарафоншының айтуынша, ол тергеушінің сұрақтарына жауап беруден және полиция хаттамасына қол қоюдан бас тартқан.

Жыланбаев Әбілязовтың жаңа жобасын ілгерілетуге қатты кірісіп кетті. Әлеуметтік желілерде үгіт-насихат сипатындағы пост жазуды жалғастырды: «Біз, «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелері бүгін 21 тамызда барлық саяси партияларды тіркеуді, саяси тұтқындарды босатуды және саяси қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етіп бейбіт митинг өткізу туралы хабарлама бердік. ... Сондықтан бүгін 21 тамыз күні сағат 11:00-де Ақмолада Жеңіс пен Абай даңғылындағы саябақта Әділет министрлігіне қарама-қарсы жерде бейбіт митинг өткізу туралы хабарлама беруді ұйғардық». Шынында да, 21 тамызда тіркелмеген «Алға, Қазақстан» партиясының белсенділері Алматы мен Нұр-Сұлтанда наразылық акцияларын өткізді. Олар барлық партияларды тіркеуді және саяси тұтқындарды босатуды талап етті.

2022 жылдың қарашасында Марат Жыланбаев Астанада тағы да қамауға алынды. «Марат Төлегенұлы Жыланбаев ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігінде (ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылсын. Қамауға алу мерзімі 2022 жылғы 11 қараша сағат 17.05-тен бастап әкімшілік қамауға алынған кезден бастап есептеледі», - делінген соттың шешімінде. Құжатта көрсетілгендей, Жыланбаев 2022 жылғы 21 тамызда «Гүл бағы» саябағында өткен митингіге рұқсат алмастан қатысқан. Осылайша ол ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзды. Бұл ретте де марафоншы өз кінәсін мойындамай, саябаққа шынымен де мәдени іс-шараның өтіп жатқанына көз жеткізу үшін келгенін түсіндірді.

Сосын ол Әбілязовтің құлағына айналды. Марафоншының белсенді азаматтық ұстанымын Мұхтар Әбілязов әлеуметтік желілерде насихаттай бастады. Әлемге танымал қарт спортшы қашқын банкирдің мықты болып естілген, бірақ сандырақ сөзіне сеніп қалып, ақыры оның саяси ойыншығына айналды. Өйткені экс-банкирдің мақсаты біреу-ақ – Қазақстанға экстрадицияланбау, әйтпесе Әбілязов жасаған қылмысы үшін өмірі жетпейтін мерзімге түрмеге отырады.

Оған Әбілязовтың қолдау көрсететіні әсіресе 2023 жылғы наурызға белгіленген парламенттік сайлау алдында байқалды. Жыланбаев өз кандидатурасын ұсынып, Мәжіліске өтуге ұмтылды. Оның кез келген видеосын немесе жазбасын Мұхтар Әбілязов та репост жасап отырды. Осы орайда марафоншының сайлауалды бағдарламасы логика мен мағынаға толы болды деп айта алмаймыз. Жыланбаев жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеру туралы стандартты клишелер жиынтығын пайдаланып, түбегейлі өзгеріс жасалады деп те болжады.

Алайда 25 ақпанда Астана соты Мәжіліс депутаттығына кандидат Марат Жыланбаевқа сайлауалды үгіт-насихатты мерзімінен бұрын жүргізгені үшін айыппұл салғаны белгілі болды. Белсендінің әлеуметтік желідегі парақшасынан белгіленген күнге дейін сайлауалды үгіт-насихат белгілерін тапқан прокурор сотқа шағымданған. Нәтижесінде 24 ақпанда Астана қаласының әкімшілік соты Жыланбаевқа ҚР ӘҚБтК 102-бабы (Тыйым салынған кезеңде сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу) бойынша 51 750 теңге айыппұл салды. Наурыздың басында Жыланбаев сайлаудан толықтай шеттетілді.

2023 жылдың мамыр айының соңында Астана соты Марат Жыланбаевты екі айға қамауға алды. Ол тыйым салынған ұйымға қатысы бар (ҚР ҚК 405-бабы) және экстремистік ұйымның қызметін қаржыландыру (ҚР ҚК 258-бабы) бойынша күдікке ілінді. 25 мамырда Астананың тергеу соты Жыланбаевты қамауға алу туралы тергеушілердің өтінішін қанағаттандырды.

Астана қалалық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының тергеушілері анықтағандай, Жыланбаев Қазақстан соты экстремистік деп таныған ҚДТ қозғалысының ұйымдастырушылары мен қатысушыларының әлеуметтік желідегі чатына қатысушы және Мұхтар Әбілязовпен және оның шетелдік «штабымен» байланыс жасайды, олардан конституциялық құрылысты өзгертуге бағытталған тапсырмалар мен нұсқаулар алып, Әбілязов шақырған рұқсат етілмеген митингілерге қатысады және әлеуметтік желілер арқылы насихаттайды.

Бұған дейін, 17 наурызда Жыланбаев Астанадағы Еуроодақ елдері елшілігі ғимаратының алдында кезекті келісілмеген митингі өткізіп, онда саяси партияларды тіркеуді және саяси тұтқындарды босатуды талап еткен болатын. Бұл үшін 3 мамырда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамауға алынды.

30 қазанда Марат Жыланбаевтың сот процесі басталды. Алдын ала тыңдау Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Сот отырысында белсендіні қолдау үшін ондаған жақтасы келіп, нағыз шоу ұйымдастырды. Белсенділер өздерін дөрекі ұстап, шулап отырды, күзетшілерге кінәрат айтып, орындарынан судьяға сұрақ қойды, ұрандап отырды.

Белсенділердің бірі тікелей эфирде көрсеткен процесті көріп жатқан адамдардың көпшілігі судья Кәрімовтің іс бойынша екі куәден сотты жабық режимде өткізу туралы өтінішхаттар түскені туралы мәлімдесіне таң қалған жоқ. Өтінішхаттарда куәлер өздеріне және жақын туыстарына белгісіз біреулерден қоқан-лоққы жасап, қысым көрсетілгенін жазған.

2 қарашада «1612 Info» Telegram-арнасында Марат Жыланбаевтың сот процесінен фотосурет пен қысқаша видео жарияланды. Суретте Жыланбаев қолында: «Наразылық білдіруімнің белгісі ретінде аузымды тіктім» деген жазуы бар қағазды ұстап тұр.

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер болған оқиғаны растап, марафоншының «аузын жіппен тігіп, тамақтан бас тарту туралы арыз бергенін» атап өтті. Ведомство өкілдері Жыланбаевтың «мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне шағымы жоқ» деп мәлімдеді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті медициналық тексеру кезінде Жыланбаевтың денсаулығына шағымы болмағанын, қосымша тексеруден және маман-дәрігерлердің кеңесінен бас тартқанын мәлімдеді.

29 қарашада Марат Жыланбаевқа үкім шықты. Сот сотталушының ҚР аумағында тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) экстремистік ұйымының жақтаушысы болып табылатыны, Мұхтар Әбілязовпен және оның шетелдегі штабымен байланыста болғанын анықтады.

Сот үкімімен Ж. ҚК-нің 258-бабының 2-бөлігінде және 405-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 3 жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдаланып айналысу құқығынан айырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі. Сот Жыланбаевтың жас баласының болуын және соттылығының жоқтығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Экс-банкир Әбілязов басқасына қоса, белсенді түрде өзіне жақтас тартанынымен танымал. Бірақ мұның бәрінің ақыры бірдей – ҚДТ басшысына сенгендер одан түңіліп кетеді. Өйткені Әбілязов өзін режимнің жалғыз оппоненті деп санайды, ал қалғандарының бәрі оның пікірінше қорқақ немесе режимнің агенттері. Оның басты саяси қателігі дәл осында жатқан шығар.

Әбілязовтан түңіліп кеткендердің қатарында Дмитрий Дёмушкин, Жақсылық Жарымбетов, Айдос Садыков. Туыстарының бірінің айтуынша, Айдос тіпті психиатриялық ауруханада емделіп, психиатрдың есебінде тұр.

Ал бүгінде идеялық экстремистік тағы бір фанаты одан безіп отыр. Жақында ғана Әбілязовтың барлық жазбасын репост жасап, ҚДТ ұясын құруға тырысқан, көшбасшысының анархиялық сандырағына демеушілік жасаған және елде төңкеріс жасауға үндеген марафоншы Марат Жыланбаев қазір экс-банкирмен байланысын жоққа шығарып отыр. 60 жастағы белсенді қандай да бір экстремистік ұйымға мүше екенін мойындамай қойды. Бірақ нақты факт басқаша. Қалай болғанда да Әбілязов үшін жеті жыл түрме жазасы – олигархтың сандырағы үшін өзін-өзі құрбан етудің жаңа рекорды сияқты.

Инсайдерлік ақпаратқа сенсек, қазір «француз тұтқын» жүйкесі әбден тозып, ойыннан шығып қалған марафоншының орнына жаңа кандидатура іздеп жатыр. Әбілязовтың саяси шахмат тақтасына жаңа пешка керек.

Айдары: Түтін 08.05.2024 100

Қатысты мазмұн