Әбілязов пен Клебанов Жәкішевтің арқасында қыруар ақша тапқан

none

Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов Мұхтар Жәкішевті кен орындарын қайта сатқаны үшін сынға алды. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды. «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы президентімен сұхбатты көргеннен кейін Нұрлан Жұмағұлов миллиардерлер Александр Клебанов пен оның бизнес серіктесі, хорват-ресейлік кәсіпкер Василий Анисимов Жәкішевтің айла-шарғы жасауының арқасында ақша тапқан деп мәлімдеді.

«Интернетте бәрі де сақталады. 2005 жылы «Қазатомөнеркәсіп» «Қызылқұм» ЖШС-дегі 30% үлесін 120 мың долларға Әбілязовке сатты, ал ол бұл үлесті өз кезегінде канадалық бизнесменге қайта сатады. Бір-екі айдан кейін, 2005 жылдың қарашасында аталмыш канадалық бизнесмен бұл үлесті (30%) Uranium One компаниясына 75 миллион долларға қайта сатты.

Жәкішев үлес уранның бағасы бір фунтына 136 долларға жетіп шарықтап тұрған кезде сатылған деп айтқанда шындықты жасырып отыр, мұндай баға 2006 жылы болған», - деп жазды ол.

Сарапшы сондай-ақ Жәкішевтің «Бетпақ Дала» жобасындағы 70% үлестің сатылғаны туралы бір сөз айтпай, үнсіз қалғанына назар аударды.

«Өйткені ол әрқашан «Қазатомөнеркәсіптің» уран учаскелеріндегі кем дегенде 50%қатысу үлесін сақтап қалып отырды. Осы 70% үлесті канадалық бизнесмен Әбілязовтен сатып алғаннан Uranium One компаниясына 350 миллион долларға сатты. «Қазатомөнеркәсіп» Буденов кен орнының уран учаскелерін Анисимовке тиынға қалай бергені туралы бірде-бір сұрақ қойылған жоқ. Неліктен Анисимов Буденовское кен орнындағы Ақбастау (№ 1, 3, 4 учаскелер) және Қаратау (№2 учаске) үлестерін сатудан жүздеген миллион доллар тапқаны, ал № 6 және № 7 № 6 учаскелерге қатысты жасалған соңғы мәміледе 1,3 миллиард доллар табыс алды?» – деді ол.

Жұмағұлов Жәкішевтің шынымен де «Қазатомөнеркәсіпті» «көтергенін», бірақ сонымен бірге олигархтардың ұлттық меншікті талан-таражға салып баюына мүмкіндік берген деп сөзін түйіндеді.

Оқырманның есіне салсақ, 2009 жылғы 21 мамырда Жәкішев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының президенті қызметінде болған кезде Астанадағы компания кеңсесінде ұсталып, үш күннен кейін оффшорлық аймақтарда тіркелген бірқатар фирманың пайдасына иеліктен шығару жолымен Қазақстанның ірі уран кен орындарындағы үлес түріндегі мемлекет сеніп тапсырған мүлікті талан-таражға салды, сеніп тапсырылған мүлікті бір топ адам болып ірі мөлшерде заңсыз иемденді, сондай-ақ Қазақстанның уран өнеркәсібіне нұқсан келтірген деген айып бойынша қамалды.

2012 жылғы 21 маусымда Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 соты М.Жәкішевті бөтеннің мүлкін иемдену, алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау және қызметтік өкілеттігін пайдаланып қиянат жасау айыбы бойынша кінәлі деп тауып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Белгіленген жазалардың жиынтығы бойынша (сол соттың 2010 жылғы 12 наурыздағы үкімі ескеріліп) түпкілікті жаза мерзімі 14 жыл бас бостандығынан айыру, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясында 7 жылға басшы қызметтерді атқаруға тыйым салу деп белгіленді. Жазаны өтеу мерзімі 2009 жылғы 21 мамырдан есептелсін деп үкім етілді. Жәкішев 2020 жылдың наурыз айында бостандыққа шықты.

Айдары: Түтін 17.03.2024 63

Қатысты мазмұн