Ұйғыр ауданының атын ауыстыру керек пе?

none

Әлеуметтік желі арқылы Алматы облысындағы Ұйғыр ауданынының атын өзгерту жөнінде бастама көтерілді. Ел билігіне жолданған Ашық хатқа екі мыңнан астам адам қол қойған. Хатта аудан атауын өзгертудің уәжі айтылған.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа,

Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К.Тоқаевқа,

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Қ.Мәсімовке, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Ә.Абаевқа,

Алматы облысының әкімі Қ.А.Бозымбаевқа

Ұйғыр ауданының жастары атынан

АШЫҚ ХАТ

Тәуелсіздік таңының атқанына 30 жыл болды. Осы уақыт ішінде өстік, өркендедік, дамыдық. Барлық сала алға басты. Бірақ әлі күнге шешімін таппаған күрделі мәселелелер аз емес. Сондай күрделі дүниелердің бірі – Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданының атын ауыстыру.

Осыған дейін облысымызды басқарған Амандық Ғаббасұлына да бірнеше рет хат та жолдадық, арнайы кездесу де ұйымдастырдық. Уәдеге қарық қылған экс-әкім ешбір талабымызға құлақ аспастан кетті.

Өткен жылы маусым айында сол тұстағы облыс әкімі Амандық Баталов біздің ауданға келіп, жастардың талабын тыңдаған. Сол жиында біз, аудан жастары осыдан 85 жыл бұрын құрылған аудан атауының «Ұйғыр» деп аталуы сол уақыттағы солақай саясаттың салдары екенін айта келе, тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толар тұста бабаларымыздың қасық қанымен, шыққан жанымен келген атамекеніміздің «Ұйғыр ауданы» деп аталуына қарсы екенімізді айтқанбыз.

Байтақ даламыздың ешбір аймағы өзге ұлттың атымен аталмағанын, ауданның жылдар бойғы басшысы тек ұйғыр ұлтынан тағайындалып келгенін, бұл жергілікті қазақтардың ашу-ызасын ғана емес, намысына да тиетінін сөз еткенбіз.

Ауданның атын ауыстыру – заманның талабы. 30 жылда дүниежүзін елең еткізер, атом бомбасынан бас тарту, Елорда салу секілді ғаламат дүниелер жасап жатқан тұста аядай бір ауданның атын ауыстыру соншалықты проблемаға айналғанына таңбыз. Қашанда бірлік пен келісімді, ауызбіршілікті басты қағида ететін халқымыз Ұйғыр ұлтына осы уақытқа дейін қамқорлық танытып, тіпті 90 жылға жуық уақыт бойы бір ауданның атын да еншілетіп қойды. Осындай жақсылықты кейде Ұйғыр ағайындар бағаламай жатады. Оған дәлел көп. Соның ішінде тәуелсіздік алғаннан бергі болған жағдайлардың бірлі-жарымын алдыңызға ұсынсақ деп едік. Мәселен 2010 жылы ауданымыздың Тасқарасу ауылында өткен тойда ұйғыр этносының өкілдері Шығыс Түркістанның жалауын желбіретіп, жергілікті халықтың ашу-ызасын келтірді. Бұл мәселе сол тұста бұқаралық ақпарат құралдарында біраз талқыға да түсті. Қазіргі күннің өзінде көліктеріне, киімдеріне жоқ мемлекеттің туын іліп жүретін жастар көптеп кездедеседі. Бұл қазақ жастарының ызасын тудырары, сонымен қатар Қазақстанның тұтастығына қауіп төндірері хақ.

Алысқа бармай-ақ өткен жылы Тиірмен ауылында мемлекеттің қаржысын алып отырған жастар ісі жөніндегі нұсқаушы қыз Умиданың жоқ мемлекеттің туын бетіне жабыстырып, жалпақ әлемге суретін жариялауы мемлекеттің саясатына салқынқандылық танытып, қазақтың арына, намысына тиіп, есіріп отырғаны да аудан атының «ұйғыр» болғандығынан.

Тағы да сол 2020 жылдың мамыр, маусым айларында әлеуметтік желіні шулатқан Ұйғыр ауданы Ақтам ауылындағы мұғалімнің Қазақ жерінде, қазақ елінде тұрып, мемлекеттік тілде қызметтік есеп беруден бас тартып, «қай тілде есеп беруді өзім білем, ұйғырша сөйлегем, сөйлеймін де» дегені ел иесі, жер иесі қазақ халқына деген құрметтің жоқтығының белгісі екенін, дәл осы «мұғалім» Қаһарова Турдибубидің шәкірті Турсунова Шахсанамның да «қазақтар, кеуделеріңді кермей-ақ қойыңдар» деуі ұлт араздығын тудыратын тағы бір дәйек екенін айтқымыз келеді. Жуырда ғана сол мұғалімнің қайтадан қол жинап, ұстаздық қызметке қайта келейін деп жатыр екен дегенін естігенде ызадан жарыла жаздадық.

2012-2013 жылдары ауданымыздың Кетпен ауылына жақын орналасқан таудағы үңгірге ұйғырдың батыр қызы деп «Назугумның» ескерткішін рұқсатсыз қойған болатын. Кейіннен бұл ешқандай тарихи дәлелі жоқ негізсіз дүние екендігі анықталған соң халықтың наразылығы нәтижесінде ескерткіш алынып тасталған. Бірақ 2019 жылы Алматы қалалық ұйғыр этномәдениет орталығы тағы да ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахуновқа сол Кетпен тауынан арнайы жер бөліп, Назугум ескерткішін қайта қоюға рұқсат сұрап, хат жолдаған. Бұған дейін ол үңгірдің Назугумға ешбір қатысы жоқтығы дәлелденіп, кері жауап берілсе де осындай әрекеттерге барып жатқан ұйғыр ағайынның пиғылын түсіну қиын. Әлде «бұл жер біздікі» дегенді аңғартқысы келді ме?

Сонымен қатар 2018 жылы 19 сәуірде республикалық «Ұйғыр авази» газетінде бүкіл Жетісу өңірі мен сонау Ертіске дейінгі аймақтағы жер атаулары ұйғыр сөзі дегенді айтқан мақала жарық көріп, тағы да ешбір тарихи дерексіз бүйректен сирақ шығарды. Осылай Елбасы шекарасын шегендеп берген мемлекеттің тұтастығына күмән келтіретін мақалалар жариялап, мемлекеттік саясатқа ашық қарсылық көрсетті.

Осыдан 10 жыл бұрын Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына бақыр тиын бөлінбей, аудандағы «Арзу» ұйғыр ансамблінің 50 жылдығына 1,2 млн бөлінгеніне де көз жұмғанбыз. Тек татулық, тыныштық болса екен деген ниетпен ғана онда да. Енді сол шыдамның шегі жеткен сияқты. Сияқты емес-ау, жетті.

Өйткені бұдан басқа да, екі ұлт арасындағы алауыздықтардың басты себебі аудан атымен тікелей байланысты. Ұйғыр этносы сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасы Ұйғыр ауданына табан тіреген тұста өздеріне автономия сұрағанын да ел біледі. Бірақ сол тұста Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан жері ешқашан бөлініске түспейтінін қадап айтқан. Сорақысы сол, Елбасының сол сөзін де бұл ағайындар ерен санамай, әлі күнге жер иесі, ел иесі, мемлекеттің иесі қазақ халқына өздерінің үстемдігін жүргізіп, Ұйғыр ауданын Ұйғыр автономиясы сияқты пайдаланып келеді.

Сондықтан біз осы хатқа қол қойған аудан жастары (Барлығы екі мыңнан аса азамат пен азаматшалар. Қол жинау жалғасуда) ауданымыздың тарихи атауы «Қарадаланы» еншілеп берулеріңізді сұраймыз.

Осы хатқа қол қоюшылар арасында тіпті өзге ұлттың, нақтырақ айтсақ, ұйғыр, орыстардың да бар екенін аңғару қиын емес. «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деді Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында. Расымен, туған жеріміздің тарихын танимыз десек, әуелі тарихи атауын тануымыз қажет. Атам заманнан «Қарадала» атанған Үйсін таудың етегіндегі ұлы дала өзінің байырғы атымен қайта аталатын уақыт жетті.

Ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында тарихи атауымызды қайтара алмасақ, елдігімізден не қайыр? Ендігі кезекте бұл талапты тек аудан жастарының ғана деп емес, елдегі басша жастардың талабы деп түсінгеніңіз абзал. Сондықтан осы мәселені тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына дейін шешіп берулеріңізді тағы да талап етуімізге тура келіп тұр. Өтінішімізді қараусыз қалдырмайды деп сенеміз.

Сіздерге деген құрметпен аудан жастары.

Хатқа екі мыңнан астам адам қол қойған.

Айдары: Бақ-бақ 13.12.2021 190

Қатысты мазмұн