Құқық қорғаушы, «НеМолчиKZ» қорының басшысы Дина Таңсәріге алаяқтық туралы қылмыстық іске байланысты халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі. Жалпы оның үстінен алты қылмыстық іс қозғалды. Ол қасақана жалған ақпарат таратты, жеке өмірге қолсұғылмаушылық қағидасын бұзды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ал істің мән-жайы қандай? Мұны анықтау үшін журналистік зерттеу материалын қарастырайық.
Іс қозғалғалы бері журналист @Kozachkowқа күн сайын 2-3 қыз жаза бастапты. Бәрі Динара Смайыловаға (Дина Таңсәрі) қатысты қылмыстық іс бойынша жауап алуға шақырылған. Бәрі неден басталды? Осы жылдың көктемінде Өскеменде кәмелеттік жасқа толмаған қыз соққыға жығылды. Тергеу барысында жасөспірімге көптеген дене жарақатын салған үш оқушы қыз екені анықталды. Зардап шеккен баланы қорғаған оның нағашы апасы Тоғжан Досымова мәселені әлеуметтік желіде көтерді. Содан кейін бұл оқиғаға «НеМолчи» қоры қосылды. Сондай-ақ Смайылова адвокат Саида Сүлейменованы жалдауға қаражат жинайтынын жариялады. Қылмыстық іс сотқа өтіп, онда үш қыз да кінәлі деп танылды. Қазір үшеуі де жазасын өтеп жатыр, үкім заңды күшіне енді. Сонымен қатар сот сотталғандарды 9 миллион теңге мөлшеріндегі шығынды өтеуге міндеттеді.
Бірақ бұған Таңсәрнің үстінен қозғалған қылмыстық істің не қатысы бар? Сотта істі қаралып болғаннан кейін қылмыскерлердің бірінің адвокаты Нұрболат Қабдиев «НеМолчи» қоры бұл іс бойынша «НеМолчи» жинаған ақшаның қайда кеткенін анықтау қажет деп прокуратураға арыз жазды. Журналистке түсіндіргендей, ол қадағалау органынан біреуді қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрамағанын, тек қана жиналған донаттың қалай жұмсалғанын анықтау керек екенін айтқан, өйткені жәбірленушінің нағашы апасы адвокат қызметіне өзі ақы төлегенін сотта мәлімдеген.
Демек, қылмыстық істің негізіне адвокат Кабдиевтің 16 қазанда берген арызы алынды. Прокуратура арызды тіркеп, оны әрі қарай қарау үшін Өскемен қалалық полициясының Ертіс аудандыө бөліміне берген. 6 қарашада Смаилова күдікті деп танылды. Тергеу барысында белгілі болғандай, қаражат жинау басталған кезден іске бейжай қарамаған қазақстандықтар «НеМолчи» қорына 20 миллион теңгеден астам ақша аударған, сонымен қатар қайырмалық ақша Смайылованың күйеуі Алмат Мұхамеджановтың жеке картасына да түскен. Барлығы 7 мыңнан астам аударым жасалған.
Құқық қорғау органдарының болжамы бойынша зардап шеккен қызға көмектесу үшін жиналған 20 млн теңгенің бір бөлігі ғана іссапар шығына жұмсалған, қалған бөлігін «НеМолчи» қорының басшысы өзі иемденіп кеткен, сондықтан оны алаяқтыққа күдікті деп танылды.
Іс бойынша жәбірленуші кім екені әзірге белгісіз. Зардап шеккен қыздың апасы бастапқыда адвокаттың қызметіне ақы төлесе, кейін қайырымдылық ақша түскеннен кейін адвокат Сүлейменованың көмегін алғанын айтты. Қорға ешқандай кінарат-талабы жоқ екен. Полицияның хабарлауынша: «Соттың санкциясымен алынған банктік ақпаратты талдау көрсеткендей, Смайылова «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңның талаптарын бұза отырып, күйеуінің жеке картасына аударымнан түскен ақшаны алып, шетелде жүріп өзінің қажетіне жұмсаған».
Полицияның мәліметінше, Смайылова 2023 жылдың сәуір айында Өскеменде кәмелетке толмаған қыздың өз-өзіне қол салғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Содан кейін оның отбасына көңіл айтып, бұл мәліметті теріске шығарған полицияға сенімсіздік білдіретін жазбалар жариялады. Ол өз-өзіне қол салу дерегі болғанын және қыз ауруханада жатқанын айтты. Алайда бұл жарияланымның барлығы жалған болып шығып, кәмелетке толмаған қыз баланы жарақаттауға байланысты бұзақылық бабымен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды, - деді полиция.
Бұған келіспеген Таңсәрі күйеуі екеуі жалма-жан Еуропа елдерінің бірінен саяси баспана сұрапты. Бұл таңғаларлық емес. Бізде алаяқтық жасап, өзін демократия үшін күресіп, қуғынған ұшыраған оппозиционер деп жариялау дәстүрге айналған.