Тайжанның шкафынан «скелет» шықты

none

Кезінде Алматы облысының диқандарымен басы дауға шатылып «Пиязбай» атанған кәсіпкер Мұхтар Тайжанның Астана жақтағы тағы бір «былығы» шықты.

Көзі қарақты оқырманның есінде болса керек, Жетісу өңіріндегі «пияз дауынан» кейін Мұхтар Тайжан астығы мол Арқаға ауып кеткен. Ауыл шаруашылығының маңына «жем» шашып қойғандай айналшықтап, сол маңды шиырлап жүре беретін оның әдеті ғой.

Асылжан Мамытбеков министр болып тұрғанда ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алудың және оған субсидия берудің QOLDAU атты ақпарттық жабық жүйесі құрылған. Мұнда кімнің өнімін сатып алу, қандай фермерге субсидия беру қарастырылатын. Мұхтар Тайжан осы QOLDAU жүйесінің лоббиі болған. «Қойбасы» Алмас Садырбаев Мұхтар Тайжанды осы қылығы үшін қатты сынаған.

Ауыл шаруашылығына кене сияқты жабысып алып, қанын сорып жатқан жүйе орыстың матрёшкасына ұқсайды. QOLDAU-ға «ЦИФС» ЖШС деген информациялық технологиямен айналысатын фирма қызмет көрсеткен. Бұл фирманы о баста құрған – Қанат Әбілмағжанов. Сондай-ақ, «ЦИФС» QOLDAU-дың «Subsidies» деп аталатын, яғни ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияны таратуымен айналысатын жабық жүйесін жасаған.

«Subsidies» ақпараттық модулінің екінші құрылтайшысы - «Транстелеком» деп аталатын фирма, фирманың қожайыны – Нұрәлі Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы. Нұрәлінің әкесі Рахат Әлиевпен Тайжандар отбасымен туыс екені баяғыдан белгілі. Мұны былай ысырып қоялық, қарға тамырлы қазақпыз ғой..

Мұндағы гәп мынада: Мұхтар Тайжан «ЦИФС» ЖШС-нің қызметкері Руденко мен оның әйелінен 2021-2022 жылдары ай сайын ақша алып тұрған. Тек осы аралықта оның алған ақшасы 25,6 млн теңгені құраған.

Қазір Мұхтар Тайжан Алматы қаласынан Мәжіліс депутаты болуға тырмысып жатыр. Сөйтіп «ізін» жасарып кетпекші ме? QOLDAU, «ЦИФС», «Subsidies» секілді фирмалардың төңірегінде күмәнді іспен айналысып, күмәнді табыс тапқан Мұхтар Тайжан сайлаушылардың алдында, яғни салық төлеушілердің алдында есеп беріп, жағдайды түсіндіру керек. Әтпесе, оған қалай сенеді, сенімсіз кандидатпен сайлаушы қалай сөйлеседі?!

Ораз Әлімбеков

Айдары: Текемет 16.02.2023 150

Қатысты мазмұн