«Аманаттың» депутаты Айдос Сарым «Украина дұшпаны» болды

none

«Аманаттың» депутаты Айдос Сарымды «Миротворец» сайты «Украина дұшпандары» тізіміне қосыпты. Бұған Мұхтар Тайжан неге қуанды?

«Миротворец» сайты Айдос Сарымды «қара» тізімге қосты. Дегенмен, оның тұсына «ликвидация» («көзін жою») деген белгі қойылмаған. Украинаның күштік құрылымымен астыртын тығыз байланысы бар сайт бұған дейін ОДКБ-ның экс-басшысы И.Тасмағамбетовті, бизнесмен Г.Гаджиевті және Ресей православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александрді (Могилев) «Украина дұшпандары» тізіміне қосқан. Алғашқы екеуіне «ликвидация» деп жазылмады.

Айдос Сарым «Украина дұшпандары» тізіміне Каспий құбыр консорциумы (КТК) инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылға қолдау білдірген ҚР азаматтарына «терроризм» және отанға сатқындық» бабымен қылмыстық іс қозғау жөнінде прокуротураға хат жазғаны үшін қосылды дейді. Прокуратураға жазылған хатқа тағы 60 депутат қол қойған болатын, бірақ Сарым ғана «қара» тізімге кіргізіліпті. Дегенмен, министр Аида Балаева КТК мәселесі бойынша пост жазған қазақстандықтардың мәтінінен қылмыстық белгі табылмағанын мәлімдеген.

«Құлан құдыққа құласа құлағында құрбақа ойнайды» деген сөз рас сияқты. Ұлтшыл патриот Мұхтар Тайжан былай деп жазды: «Айдос Сарымды "Миротворец" тізіміне кіргізді деседі. Дұрыс, әділетті шешім деп ойлаймын. 2022 жылы болуы керек. Астананың әуежайдың вип залында (үлкен емес қой) кездейсоқ оны кездестірдім. Қасында әйелі де болды. Курилкадан тура маған қарама қарсы шығып менмен амандасқысы келді қолын созып. Мен оның қолын ұстаудан жиіркендім, амандасқан жоқпын. Әрі қарай үндемей жүріп кеттім. Дұрыс істеген екенмін, оны уақыт толықтай көрсетті».

Әрине, Мұхтар Тайжан мен Айдос Сарымның арасындағы өзара жеккөрушілік екеуі ұлтшыл патриоттық алаңда жартылай оппозицияшыл қоғам белсендісі болған кезден жалғасып келеді. Сондықтан ғой, Айдос Сарымның «Украина дұшпандары" тізіміне кіргеніне Мұхтар Тайжанның алақайлап қуанғаны.

Айдары: Текемет 29.01.2026 90

Қатысты мазмұн