Skoda, Philips және басқа компаниялар Қазақстанға келеді

none

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ресейден кеткеннен кейін қандай ірі компаниялар мен өндірушілер Қазақстанда жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын айтты.

Премьер-министр Tengrinews сайтында берген сұхбатында компаниялардың елімізге көшуі туралы айтты.

"Бүгінде байқалып отырған геосаяси қарама-қайшылық жалпы әлемдік дамуға кері ықпал етіп жатыр. Энергия мен азық-түлік бағасы көтеріліп, логистика, сауда-көлік байланыстары үзіліп жатыр. Осының бәрі барлық елге кері әсерін тигізіп отыр. Қазір бүкіл әлемде, Қазақстанда да ірі инфляциялық процестер жүріп жатыр. Валюта бағамында белгілі бір құбылмалылық бар, бірақ валюта бағамын да, бағаның өсуін де тұрақтандыру шараларын қабылдап жатырмыз", - деді премьер-министр.

"Қазір релокация бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, ресейлік нарықтан кеткен 250-ден аса компания. Таргет-лист жасап, олардың біздің нарыққа жұмысқа келуіне Қазақстан мүдделі екені туралы ақпарат бердік. Қазірдің өзінде 45 компания Қазақстанда жұмыс істеуге оң шешім қабылдады. Қазір әр компаниямен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министрдің айтуынша, кейбір компаниялар Қазақстанда жұмыс істей бастаған, қалғандары жақын арада елімізге көшеді.

"Бұл Skoda, GE Healthcare, Philips және Алматыда өндірісін ашқан Honeywell және т.б." - дейді премьер-министр.

Айдары: Текемет 26.08.2022 21

Қатысты мазмұн