Сайрагүл Сауытбай "Халықаралық батыл әйел" сыйлығына ие болды

none

3 наурызда АҚШ мемлекеттік департаменті "Халықаралық батыл әйелдер" сыйлығының биылғы иегерлерінің аты-жөнін жариялады. Олардың арасында Қытайдағы қайта саяси тәрбиелеу лагерьлеріндегі жағдайды алғашқылардың бірі болып айтқан Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай да бар.

Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған соң, былтыр 3 маусымда отбасымен бірге Швецияға кеткен еді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде Сайрагүл Қытай коммунистік партиясының мұсылмандарды қудалау кампаниясы туралы алғаш ашық айтқан адамдардың бірі болды деп жазылған.

“2017 жылдың қараша айы мен 2018 жылдың наурыз айы аралығында Қытай коммунистік партиясы Сайрагүлді қамау лагеріндегі этникалық топтарды қытай тіліне үйретуге мәжбүрледі. Лагерьге қамалудан қорыққан Сауытбай 2018 жылы наурыз айында Қазақстанға қашып келді. Өзін лагерьге қамаса, тірі қалмайтынын айтты. Сауытбай Қытай коммунистік партиясының мұсылмандарды қудалау кампаниясы жайлы алғаш айтқан адамдардың бірі болды. Оның куәлік беруінің арқасында халықаралық қауымдастық алғаш рет Қытай коммунистік партиясының мұсылмандарды қудалау саясаты туралы білді” делінген мәлімдемеде.

Швециядан саяси баспана алған Сайрагүл қазір сол жақта отбасымен бірге тұрып жатыр.

Айдары: Текемет 04.03.2020 52

Қатысты мазмұн