Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылады

none

Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтарады.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

  • 25 қазанды ұлттық мемлекеттік мереке - Республика күні деп белгілеу;

  • 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

Бұған дейін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталуы мүмкін екені хабарланған болатын.

"1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды", - делінген Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Айдары: Текемет 07.09.2022 115

Қатысты мазмұн