Пластикалық операция жасау харам ба?

none

Желіні пайдаланушылар дінтанушы Мұхамеджан Тазабектің бет-әлпетіндегі өзгерістерді қызу талқылап, жаңа суреттерін бұрынғы фотоларымен салыстырып, көзін үлкейтіп, қабақ жасатқан және бетінің терісін тартқызған деген болжам жасады. Нәтижесінде оның бет-әлпеті жасарып, көзінің ісінген үстіңгі қабағының терісі алынып, қыртыс жасалғаннан кейін еуропалыққа ұқсастау, үлкенірек болып көрінеді. Жұртшылықтың көпшілігі аталмыш блефаропластика операциясы жасалған деген қорытындыға келді.

Бірақ Мұхамеджан Тазабек көзіне ота жасатқанын мойындағанымен, мұның денсаулық жағдайына байланысты жасалғанын ақтала жазды. Айтуынша, көзінің жарығына (грыжасына) ота жасатты. Содан көзі тартылып, ашылыңқырап тұр. Қабақ тарту немесе басқа да эстетикалық ота емес. Уақыт өте келе көздің көруіне әсер ететін дүние.

Бұған сене қоймаған оқырмандар біреулері адамның бет-әлпетін өзгерту, әдемілеу харам, Жаратушыға шек келтіру деп есептесе, екіншілері Тазабектің әдемі жігіт болғанын, сақалын алса, одан да жасара түсетінін жазады.

Бірақ ақпарат бойынша ислам әлемінде пластикалық операцияға харам деп қарамайды екен. Татар инфо хабарлауынша, Исламда тым кішкентай кеудені үлкейтуге, мұрындағы ақауларды түзетуге немесе жазатайым оқиғалардың салдарынан болған жарақаттарды жөндеуге және т.б. пластикалық ота жасау құпталуы керек. Тек адам денесінің онсыз да әдемі бөліктерін өзгерту отасының бәрі харам деп есептеледі екен. Кейбір арабтардың өз әйелдерін «қайта жасауды» ұнататыны соншалық, әйелдері отыз жасқа дейін жиырмадан астам пластикалық отадан өтіп, кәдімгі араб әйелдеріне мүлде ұқсамайтын болып шығады екен. Мұның бәрі әйелдерге қатысты нәрсе. Бірақ ер адамдардың косметикалық ота жасауы да жиілеп барады.

Сондықтан Мұхаметжан Тазабек операцияға жасатқанына қуыстанбай, ақталмай-ақ қойса да болады. Несі бар? Өзі араласып жүрген түрік, араб жамағатындағы адамдарға ұқсағысы келсе, оған ешкім тыйым сала алмасы анық.

Айдары: Бақ-бақ 15.07.2023 244

Қатысты мазмұн