Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Реваншистердің партиясы неліктен сәтсіздікке ұшырайды?

none

«Дүниенің құны болса да!». Қоғамдық наразылық өртін тұтатып, бүгінгі билік пен жалпы жаңғыру жолына өздерін басты қарсылас ретінде таныстырып жүрген қозғалыстың ұстанымын осылай сипаттауға болар еді.

Революцияға қарай қадам басып келе ме?

Ескі сүрлеуден шыққысы келмейтін, ал «жаңа Қазақстан құру» тұжырымдамасы мүлдем саналарына сыймайтын қозғалыстың мүшелері Қазақстанды бұрынғы қатыгездіктің тас бұғауынан құтқару жауапкершілігін өз мойнына алған қазіргі Президентке барлық күш-жігерлері мен ресурстарын шоғырландырып, ауыр соққы жасағылары келеді.

Олар қазірдің өзінде алдағы сайлау науқанын ықтимал революция алаңына айналдырудан еш тайсалмайтындарын көрсетуде. Бізге мәлім ақпаратқа сәйкес, шет елдің саяси технологтарының тапсырысы бойынша жазылған олардың қолында ең соңында мемлекет басшысының елін тастап шет елге қашып шығуы көзделген Украинадағы «майдан» тәжірибесімен үндесетін сценарий бар.

Елдің жаңа даму жолына көшуіне қарсы болғандарда бастапқыда Президенттік лауазымға үміткерлерді өзара сүзістіріп, Қазақстандағы ішкі тұрақтылықты шайқау жоспары болған. Алайда сайлау науқаны туралы алғаш жарияланған тұста-ақ, олардың қатарында Қасым-Жомарт Тоқаевқа бәсекелес бола алатын лайықты тұлғаның жоқ екендігі белгілі болды. Алайда, қарсылас бола алады дегендердің өздері мемлекет басшысын қолдайтындарын білдіріп, Президент жағына шықты.

Жағдайдың бұлай өрбігені «жаңа Қазақстан құруға» қарсы тарапты «революциялық картасын» қайта қарап, басқа амал-айлаға көшуге мәжбүрледі. Енді олар мемлекет басшысының жеке басына, абырой-намысына тиісуге кірісті.

«Қосалқы жоспарды» жүзеге асыруға жүздеген мың доллар жұмсалды. Олар бірінші кезекте ел ішінде өздерін азаматтық белсенді деп атайтындардың аузын азын-аулақ ақшаға майлап, әлеуметтік желілер арқылы Президенттің бастамаларына күйе жағуды, сол арқылы, халықтың ең маргиналды тобы арасында наразылықты күшейтуді көздеді. Сонымен қатар, ең негізгі қаржы бөлігін шет елдік ақпарат кеңістігінде Мемлекет басшысына кең көлемді ақпараттық шабуыл ұйымдастыруға жұмсады. Олардың ойынша, бұндай қадам, біріншіден, біреуді «әшкере қылу» жоспарына салмақ қосады, екіншіден, ел ешінде жоспарлы түрде тағы да бүлік орнатуға ыңғайлы себеп туғызады. Осы арқылы егер ойлары жүзеге асып, қантөгіс болса, «әні, біз бұл туралы айттық қой»деп өздерін ақтап алмаққа әрекет етуде.

Тура биде туған бар ма?

Алайда, жаңа бүлік тудыруға тапсырыс берушілер қанша жерден тырбанса да, олардың әрекеті түбі сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі. Оны қарапайым себептермен ғана түсіндіруге болады. Ең негізгісі – «ескі режимді» жақтаушылардың алаңғасар арсыздығында. Олар шындығында, халықтың басым бөлігінің түрлі арандату әрекеттерін алыстан тани алатын қабілетін ескере алмайды. Шын мәнінде олар жылдар бойы қалыптасқан өздері туралы абыройсыз пікірлердің қоғам үшін революцияға қарсы ең тиімді екпеге айналғанынан бейхабар сияқты.

Нақты атын атап, түсін түстеу қажет болса, саяси кеңістікте болып жатқан процестерге кішігірім талдау жасай алған адам жоспарланған мемлекеттік төңкерістің негізі операторы ретінде тұңғыш президенттің «әмияны» атанған, оған қоса «қасапшы» лақап атымен танымал болған Болат Өтемұратовтың тұлғасын көре алар еді.

Бұндай атақ оған бүгінгі танымал банкир, қонақ үйлер желісінің иесі, алтын өндіруші және медиа-магнат сынды мемлекет есебінен қол жеткізген бас айналдырар табысты дәрежесіне дейін ет бөлшектеу кәсібімен айналысқандығынан берілген жоқ. Ол сонымен қатар, жеке басының және қожайындарының мүддесі үшін еш қымсынбастан жолында тұрғандардың «бастарын шауып» түсуге әрқашанда әзір тұратын аясыздығымен осы атаққа әбден лайық болатын.

Оның бұрын саяси қайраткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаев, Дариға Назарбаева, Тимур Құлыбаев, Кәрім Мәсімов, Қайрат Боранбаев және халық байлығын арсыздықпен иемденіп алған басқа да адамдардың айналасында «бүгіліп жастық, иіліп төсек» болып ұзақ жүргенін ескерсек, қазіргі уақытта кімнің сойылын соғып жүргенін анықтау қиынға соқпайды.

Бүгінгі әрекеттеріне қарасақ, Б. Өтемұратов мырза, біраз шығындалса да, билік транзиті көшіне әзірге ілесе алғанын көруге болады. Алайда, қанша тырысса да, екі майданда бірдей ойнау қолынан келмейді. Оның бір себебі қазіргі Мемлекет басшысын Өтемұратов ойнап үйренген «лас қаржыны тазартып беретін» кеңселер қызметі қызықтырмайтыны анық еді. Өйткені Президент шын мәнінде мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын құрылымдық өзгертуді ғана қалайтын мемлекетшіл тұлға.

Бұндай болғанда, келесі қадам Өтемұраттар сияқты тұлғаны ойыннан шеттету керек еді... Жағдайдың бұлай өрістемеуінің өзіндік себептері болуы мүмкін. Дәу де болса, бұл жерде «мүмкіндік беру» ережесі қосылған сияқты.

«Қаңтар оқиғасынан» кейін оны ұйымдастырушылардың қатарында Болат Өтемұратовтың есімі көп аталғанмен, оның кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар табылмаған болуы ықтимал. Соның нәтижесінде, оған өзінің «ақ» екенін дәлелдеуге тағы бір мүмкіндік берілсе керек. «Де-юре» жағдайында ірі бизнесмен жаңа ойынның ережесімен бірден келіскен сыңай танытты. Мемлекет басшының ұсынысымен құрылған «Қазақстан халқына» қорына алғашқылардың бірі болып 10 миллиард теңге қаржы аударды, әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыруға мол қаржы бөлді. Айта кету керек, осы арқылы ол өзіне ыңғайлы «жандайшаптар» тобын қалаған алаңында жылжыту мүмкіндігіне ие болды. Ал «де-факто», яғни, нақты іс жүзінде, Өтемұратов бірінші кезекте, қаңтарда жеңіліс тауып, саяси салмағын жоғалтқан элитаның алдындағы міндеттемесін орындауы тиіс болатын. Ал оны іске асыру қазір елде кең көлемді жүргізіліп жатқан жаңашылдық шартында тіпті де мүмкін емес екені айқын. Екі жыл бұрын, оның БТА-дағы бүкіл активтері бұғатқа түсіп, қылмыстық жауапкершілік арқалау қаупі туғаны белгілі. Бұл жағдай егер қайтадан ескі әдетіне басқысы келсе, оның аяғы немен аяқталуы мүмкін екендігін есіне салып тұратын болса керек.

Шындығында Өтемұратовтың қазіргі хәлі – «қайда барсаң Қорқыттың көрі» жағдайына келеді. Бұндай кезде, не істеу керектігін Өтемұратов түсінетін сияқты, яғни, өткенге деген міндеттен, ертеңгі есебінің түгел болатын жолды таңдайды. Соңғы уақытта оның қаржы империясы біраз шығынға ұшырап жатқаны белгілі. Мысалы былтыр қазан айында жалпы капиталы – 3,5 миллиард доллар болса, биыл ол көрсеткіш – 2,8 миллиардқа түсіп қалған. Әрине, оның негізгі себебі коронавирус пандемиясының салдарынан деуге де болады. Бірақ, бір анық бар, Өтемұратов өзіне келген шығындардың орнын тек «ескі Қазақстан» жағдайында ғана толтыра алатынын түсінеді. Ал қазіргі Президент жариялаған Әділетті Қазақстан құрудағы жаңғырудың жаңа бағыты – оның ол ойының аясын айтарлықтай тарылтып, қитұрқы әрекеттер жасауға ешқандай мүкіндік бермейтіні анық.

Ескі сүрлеудің ізімен

Әрине, Болат Өтемұратовтың «қарсыластар қозғалысы» жағында Мемлекет басшысына қарсы тұру туралы шешім қабылдауына қандай фактор шешуші рөл ойнағанын бағалау қиын. Алайда Мұхтар Әбіләзов пен үнемі оның «қанатының астында» жүретін Ирина Петрушова, Храпуновтар отбасы мен Бергей Рысқалиев сияқты саяси қайраткерлерді тарту арқылы «үлкен ойынға» араласқысы келуі – оның нағыз қауіп-қатердің салдарын бағалай алмайтынын көрсетеді. Бірақ, оның өкінішіне орай, болар іс болып қойды және қауіптің көлемі ұлғайып келеді. Бірінші кезекте, әрине өзінің жеке басы үшін.

Себебі, ол жалдаған ұрылар мен кісі өлтірушілердің қатарындағы Қазақстан сотынан жасырынып жүрген алаяқтар тобы ашық сандырақ ақпаратты эфирден беруге ғана бой үйреткендері соншалықты, салмақты тақырыпты қаужауға шамалары келмей қалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарсы шетелдік БАҚ-та көлемді ақпараттық шабуыл ұйымдастыруға қомақты ақша жұмсағанмен, олар тек жалған мәліметті ойдан құраудан әріге аса алмады. Петрушова ханымның қияли жобасы деп саналатын бұл жұмыс оның өзіне тиесілі медиа ресурстарда ғана талғамсыз оқырмандар аудиториясына тарала алды.

Тапсырысты мұншалықты талғамсыз әрі сапасыз орындаудың бір себебі Өтемұратов берген қаржыны жұтқыншақтарынан өткізіп жіберген топ, есеп беру үшін «тисе терекке, тимесе бұтаққа» қағидасымен әрекет етуі мүмкін. Сондықтан да Президент Тоқаевтың «құпиялары» туралы шетелдік баспасөз сүйіншілеп жазғанымен, оны дәл сондай жігермен ресми түрде көшіріп басуға отандық ақпарат сегментіндегі оппозициялық БАҚ-тардың өзінің ары жібермеген сияқты. Олар аталған ақпаратты оның растығын куәландыра алмайтындарын ескертумен жариялауға мәжбүр болды.

Мұндай сәтсіз шабуылдың қорытындысын шығару аса қиын емес. Қазақстан жұртшылығын жарияланымның негізгі мазмұны емес, журналистік тергеу деген желеумен осыншалықты төмен сапалы ақпаратты дайындауға тапсырыс берген кім деген сұрақ көбірек қызықтырса керек. Екі жерде екінің қанша болатынын есептеп шығару үшін асқан ойшыл болудың қажеті жоқ екені сияқты, Өтемұратов пен оның серіктестерін лас ойынын анықтау да қиынға соқпайтыны анық.

Әзірге Болат Өтемұратов жығылмай аман тұр. Жан-жағының жалаңаштанып жатқанын білдіргісі келмеген алаңсыз кейіппен, елдегі теннис спортына демеушілік жасап, көзге түсуге тырысып жүрген жайы бар.

Алайда, анықтап қараған адам оның бұл әрекеті Президент Тоқаевтың таяуда ел ішіне «шайтан өрнек» салғысы келетін шет елдердегі кейбір күштердің жалған ақпарат тарататыны туралы айтқан мәлімдемесінің әсері екенін түсінеді.

Не десе де, өзі үшін бұл соңғы ескерту екенін оның өзі түсінетін шығар...

"S"

Айдары: Дүрбі 12.10.2022 96

Қатысты мазмұн