Шымкенттегі “Сейітжан қари” атындағы мешіттің құпиясы ашылды

none

Мүфтияттағы құпия дереккөздің айтуынша, миллиардер Сейітжановтар салған Шымкенттегі “Сейітжан қари” атындағы мешіт өз алдына діни бірлестік ретінде тіркелуге әрекет еткен. “Күшті құйрығымен диірмен тартады” деген сөзді осы Сейітжановтарға қаратып айтса болады. Сейітжановтар діни салаға бұрыннан үстемдік жасап келген Қайрат Сатыбалдымен құда. Түрмеде жатып алып ақыл қосқан cол болса керек. Қ.Сатыбалдыны арқа тұтқан Смановтар да ертеректе Сарыағаштағы мешіт пен медресені ҚМДБ-ға бағындырмай өз алдына діни қоғамдық ұйым ретінде тіркетпек болғаны есте. Сарыағаштағы сол оқиға енді Шымкентте қайталанып отыр. “Сейітжановтар және олармен ым-жымы бір діндарлар тобы тағы да “үй ішінен үй тікпек болды” дейді дереккөз.

Дереккөздің айтуынша, “Сейітжан қари” мешітін ҚМДБ-ға бағындыруда бас мүфти Наурызбай Өтпеновтың еңбегі жоқ. “Үй ішінен үй тіккізбей” қойған – саяси жоғарғы билік. “Дін мемлекеттен бөлінген”. Дінтанушы Асқар Сабдин анықтап әрі дәлелдеп бергендей, Наурызбай Өтпеновтің діни лауазымдағы құдіретсіздігін, яғни діни ортадағы беделінің жоқтығын, діндарларға сөзін өткізе алмайтынын ескерген мемлекеттік билік тағы да осы даулы іске тікелей араласып, проблеманы реттегендей болды. Саяси биліктің осы ісінен қанаттанып кеткен Наурызбай Өтпенов мешітке өз “адамын” қоймақ болып тыраштаныпты. Сөйтсе, Сейітжановтар “онда мешіттің ай сайынғы 40 млн шығынын жабудан бас тартамыз” деген қатаң позиция ұстанған. Сондықтан “Сейітжан қари” мешітіне Сейітжановтардың қалаулысы Ерсін Әміре бас имам болды. Сондай-ақ, Ерсіннің әкесі Бекайдар Әміре миллиардер Сейітжановтар отбасымен достық қатынаста. Сондықтан Сейітжановтар “мешітке Ерсін бас имам болады” деп райынан қайтпай тұрып алды, сол талабын Бас мүфтиге орындатты да.

Ерсін Әміре Алматының бұрынғы бас имамы Еркінбек Шоқаймен шетелде бірге оқыған, екеуі - дос. Ал Наурызбай Өтпенов пен Еркінбек Шоқайдың арасы жақсы емес. Еркінбекті Алматының бас имамдығынан алып тастаған да Өтпенов тұғын. Егер Еркінбек Шоқайды бас мүфтимен салыстырсақ, ол әлдеқайда сауатты, арабшасы жақсы, Құранды қатесіз таза оқиды, сондықтан Еркінбек мешіттің ашылу салтанатына Саудиядан арнайы келген сәләфи-писарь Тоһа шалға аудармашы болып жүрді. Сәләфизмге тыйым салу жөнінде заң дайындап жатқан Қазақстаннның бас мүфтиі Наурызбай Өтпенов жиында емін-еркін ойқастап түрген Еркінбектің қылығына шыдауға, сәләфи Тоһа шалдың қасында қонақжай кейіп танытып отыруға амалсыз көндікті.

Айдары: Дүрбі 06.06.2024 149

Қатысты мазмұн