ITeachMe Қоры компетенцияларды дамыту орталығы "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асыратын ITeachMe алтыншы маусымына қатысу үшін бірінші іріктеу туры Алматы технологиялар және флористика колледжінде өтті. Офлайн форматтағы іріктеу турлары Қазақстанның 18 қаласында өтеді.
Іріктеу турына колледж студенттері мен Алматы және Алматы облысындағы мүгедектігі бар жастар арасында, барлығы 50-ден астам жас қатысты, бірақ өз белсенділігін, мақсатқа ұмтылушылығын көрсеткен, өзін-өзі дамытуға дайын екендіктерін дәлелдеген және жобаға кіргендерін 15 қатысушы ғана дәлелдеді.
Естеріңізге сала кетейік, ITeachMe-мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ жастарға өз өмірін жарқын етуге және SMM, motion design, графикалық дизайн, UI/UX дизайн, мобилография және ағылшын тілі бағыттары бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дағдыларды тегін алуға бірегей мүмкіндік беретін жоба.
Аралас форматтағы жобада болғандықтаң оқу бағдарламасына базалық компьютерлік дағдылар бойынша онлайн-курс, soft skills үш күндік офлайн-лагері және таңдалған бағыт бойынша үш айлық онлайн-курс кіреді.
Барлық кәсіби курстар мүгедектігі бар адамдардың әртүрлі санаттарына арналған қажеттіліктерді ескере отырып әзірленді және мемлекеттік тілге аударылды.
Оқудың толық курсынан өткен студенттерге оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі, ал курстық жұмыстарын сәтті қорғаған жобаның үздік студенттері үшін жұмысқа орналасуға және алғашқы коммерциялық тапсырыс алуға жәрдемдесу қарастырылған.
"ITeachMe жобасының мақсаты мүгедектігі бар жастарға өз күштеріне сенуге, олардың таланттарын ашуға және жұмысқа орналасу арқылы қаржылық тұрақтылығына ықпал етуге көмектесу. Біздің курстарымызды 300-ден астам студент оқудан өтті және бүгінде ірі ұйымдардың құнды қызметкерлері болып табылады. Мысалы, бесінші маусымның түлегі Илья Вираховский "Банк ЦентрКредит" АҚ-та жарты жыл жұмыс істеп келеді және бұл тек бір ғана мысал, бірақ жалпы айтқанда, бүгінгі таңда біздің түлектеріміздің 87% - ы жұмысқа орналасты деп сеніммен айтуға болады". - "ITeachMe" компетенцияларды дамыту орталығы қоғамдық қорының директоры Бегалиева Захира айтып берді.
ITeachMe жобасы 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда. Жоба бойынша түлектердің жалпы саны 300 адамнан асты. Жобаның бас серіктесі - "Шеврон" компаниясы. Азаматтық, үкіметтік және мемлекеттік сектор өкілдері қатарынан 100-ден астам серіктес, оның ішінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Оқуды аяқтағаннан кейін үздік түлектерге жұмысқа орналасуға және/немесе алғашқы еңбек тәжірибесін алу үшін коммерциялық тапсырыс алуға жәрдем көрсетіледі. ITeachMe-дің бесінші маусымының қорытындысы бойынша үш айда жұмысқа орналасқан түлектердің жалақы қоры 4 000 000 теңгеден асты.
«ITeachMe» компетенцияларды дамыту орталығы– тең мүмкіндіктер құруға және әркімнің әлеуетін ашуға бағытталған Қоғамдық қоры. Біз ҮЕҰ , бизнес секторы және мемлекет өкілдерін тең мүмкіндіктері бар инклюзивті қоғам құру үшін біріктіреміз, заманауи мамандықтарға оқытамыз және өзіңіздің ең жақсы нұсқасы болуыңызға шабыттандырамыз. Біз туралы толық ақпарат iteachme.kz сайтында.
«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.*