Мүгедектерге арналған демалыс лагері ашылады

none

«OrleTECH – сіздің мүмкіндіктеріңізге жол!»

Алматы қаласында мүгедектігі бар қатысушылар үшін soft skill лагерінің ашылады

2024 жылғы 30 шілде, Алматы. БАҚ өкілдерін мүгедектігі бар жоба қатысушылары үшін арнайы ұйымдастырылған OrleTECH жобасының soft skills лагерінің ашылу салтанатына қатысуға шақырамыз.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 80-нен астам қатысушы қоғамның тең бөлігі болу ниеті туралы нық мәлімдеу үшін лагерьге қатысады. Бірінші лагерь Астана қаласында өтеді және бұл денсаулықтың әртүрлі шектеулеріне байланысты өзінің кәсіби жолын енді ғана бастап, өзін-өзі дамытуға және әлеуметтік өмірге толық қосылуға ұмтылатын адамдардың интеграциясы мен кәсіби өсуіне маңызды қадам болады.

Күні: 30 шілде, 10:00

Өтетін жері: Алматы қаласы, Достық даңғылы 85, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, 5-ші қабат, конференц-зал.

Алматы қаласында лагерьдің ашылуына "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қорының Бас директоры Адиева Альфия Дәулетқалиқызы, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жаубасов Бауыржан Жанатұлы және Шелл Қазақстан компаниясының әлеуметтік мәселелер жөніндегі талдаушысы Ибадильдина Әлия қатысады. Біз БАҚ өкілдерін осы маңызды оқиғаны жариялауға және қатысушылардың оқиғаларымен, олардың дамуға деген ұмтылысымен бөлісуге шақырамыз. Сіздің назарыңыз бен қолдауыңыз Қазақстандағы инклюзияны дамытудағы қоғамның міндеттеріне, мүгедектігі бар адамдардың мүмкіндіктеріне назар аударуға, сондай-ақ басқаларды осындай бастамаларға қатысуға шабыттандыруға көмектеседі.

Аккредиттеу және қосымша ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз:

Байланыс: Пономарева Светлана

Телефон: 87022862716

Электрондық пошта: iteachme2020@gmail.com

Ұйымдастырушылар: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Шелл Қазақстан компаниясының бірлескен қаржылық қолдауымен ITeachMe қоры.

Анықтама: OrleTECH жобасын ITeachMe қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Шелл Қазақстан компаниясының бірлескен қаржылық қолдауымен іске асырады. Мақсаты: мүгедектігі бар жастарды тиімді, кәсіби жұмыспен қамту, өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік шиеленісті төмендету.

Жоба бағдарламасына келесі кіреді:

  1. Қазақстанның 2 қаласында Астана және Алматы қалаларында офлайн лагерь (әлеуметтік дағдыларды дамыту, мүгедектікке және әлеуметтік осалдыққа байланысты комплекстер мен қорқыныштарды еңсеру)

  2. Таңдалған үш бағыттың бірі бойынша онлайн оқыту: AI-маман, no code сарапшы, UI/UX + Web-шебер (үш тіл: қазақ, орыс, жест)

  3. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу (түйіндеме, портфолио құру, жұмыс берушімен сұхбат өту дағдылары)

  4. Үздік түлектер барлық дағдыларын қолдану үшін ұйымдастырушылардан 10 коммерциялық тапсырыс алады.

Айдары: Текемет 29.07.2024 43

Қатысты мазмұн