«Мерлезон балетінің» кезекті қойылымы тағы да сәтсіз аяқталды

none

Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай өткен жылдың 2 қарашсынада Алматыдағы тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарылған кезде бұл саясаткердің тағдырына алаңдаған британдық парламентшілердің арқасында мүмкін болды деген мәлімдеме жасалған болатын. Британдық саясаткер және заңгер Кеннет Макдональд бастаған бұл комиссия Қазақстанға келіп Мамаймен, сондай-ақ қаңтар оқиғасы құрбандарымен, қаза болғандардың туыстарымен және журналистермен кездеседі деп хабарланған. Сөйтсек, бұл «Ұлыбританияның арнайы парламенттік комиссиясы» деген Инга Иманбайдың сөзі жалған болып шықты.

Мұны ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады. Жанболат Мамайдың ісін тексеру үшін Қазақстанға британдық парламенттік комиссия келді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген ол: «Қазақстанға Жанболат Мамайдың ісін тексеру жөніндегі британдық парламенттік комиссия деп аталатын ұйым келгенін естідік. Ұлыбритания парламентінде ешқандай ресми комиссия құрылмаған. Британдық тараптың сендіруі бойынша, комиссия деп жүрген бұл ұйым елдің парламентіне де, үкіметіне өкілдік етпейді», - деді.

Белгілі болғандай, Қазақстанның бір топ анонимді азаматтарының тапсырысы бойынша «Биндманнс» жекеменшік заң компаниясы өзіндік тергеп-тексеру жүргізіп отыр.

«Беделді болып көріну үшін бұл компания Британия парламентінің үш мүшесін тергеп-тесеруге тартты, мұның шарты қандай болғанын өздерінен білуге болады. Бұл қандай компания, оның немен айналысатынын интернеттен өздеріңіз көре аласыздар, онда толық ақпарат бар. Біз парламентарийлердің қайдан келгені күмәнді ақша үшін псевдо-тәуелсіз комиссиялармен неге бірігетінін түсінбейміз. Комиссия деп жүрген бұл ұйымның ешқандай ресми рөлі жоқ», - деп атап өтті спикер.

Мұндай әрекеттің өзі ақылға сыймайтын нәрсе. «Өздеріңіз ойланып көріңіздер: ұлттық парламент әлдебір комиссия құрып, егеменді мемлекетке келіп, тергеу жүргізеді. Бұл мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың халықаралық-құқықтық нормаларына сәйкес келе ме? Жауабы анық», - деп қосты Айбек Смадияров.

Мамай жобасының авторлары оны биліктен әбден зәбір көрген белсенді етіп көрсетуден басқа ештеңе білмейді екен. Мүмкін, жобаның өзі дәл осы идеяға құрылған шығар. Халық үшін зәбір көріп жүрген күрескер бейнесі тартымды болып көрінеді деп ойлайтын болса керек. Бірақ саяси хайпты дұрыстап жасай алмайды. Жарнамасы әбден келтірілген саяси спектакль кезекті арзанқол қойылым болып шықты. Сырттан келіп тәртіп орнатады деп өкілеттігі жоқ әлдебір күшке сенген күрескердің "акциялары" сөзсіз құлдырайды. Ал халықта аяныш сезімінен басқа ештеңе ұялатпайтын саясаткердің лидер бола алмайтыны анық.

Айдары: Бақ-бақ 16.01.2023 157

Қатысты мазмұн