Мамайдың жиһаз ауыстыруы саяси мотивация ма?

none

Алматыда 14 қараша күні өткен митингіден кейін Жанболат Мамай жақсы көретін жақтастарын үйіне шақырып (суретте), дастархан жайды. «Бұл Қазақстанда қалыптасқан саяси дәстүрді бұзу» деп санайды Мамай шаңырағында қонақта болған дереккөз. Оның айтуынша, құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожинаның бастамасымен өткен 31 қазандағы митингіден кейін белсенділер паркке барып, бір жапырақ нанға шұжық қосып (бутерброд) жеп отырып-ақ, саяси акцияның нәтижесін талқылаған. Оппозицияның кейбір лидерлері мұндай басқосуды кафеде, қоғамдық тамақтану орындарында өткізіп жүр. «Мамайдың митингіден кейін үйіне жақтастарын қонаққа шақыруының себебін енді-енді түсініп жатырмын» дейді өз ойымен бөліскен дереккөз.

«Қазақстанның демократиялық партиясын» құруға және оны тіркетуге күшін салып жүрген дереккөз осы жылдың басында Жанболат Мамайдың үйінде болған. Айтуынша, ол кезде Мамайдың отбасы «бай емес, кедей емес» өмір сүріп жатыпты. Қарашаның 10-ы күні қонаққа барған белсенділер Мамай үйіндегі үлкен өзгерісті байқаған. Үй жөнделіп, ауласына жаңадан қымбат тас төселіпті. Үйдің іші де жайнап тұр: үй жиһазы мен тұрмыстық техника түгел ауыстырылған. Бәрінің қымбат зат екені көзге ұрып тұрыпты.

"Жанболат пен Инга қызын ақылы Haileybury мектебіне оқуға бергенін мақтанышпен айтты. Бұл мектепте оқыту үшін ата-ана баласының жасына қарай жыл сайын 6,5 миллионнан бастап, 10 миллион теңгеге шейін төлем жасайды. Мамай соншама көп ақшаны қайдан тауып жатыр?!" дейді дереккөз.

Дереккөз «Жанболат та Әміржан секілді саясатты монетизациялап алған ба. Қосанов әрбір сайлауға қатысқан сайын жаңадан қымбат көлікті тізгіндейтін. Болат Әбілев, Асылбек Қожахметов, Гүлжан Ерғалиева, Әлихан Байменов, Жармахан Тұяқбай, Ермұрат Бапи секілді оппозиция лидерлерінің саясаттан тапқан пайдасының есебі жоқ» деп өткенді еске алды.

Мамай шаңырағына қонаққа барған белсенділерді оппозицияның бұрынғы тарихы қызықтырмайды. «Басқаларды қайдам, өз басым Мамай шаңырағындағы өзгеріске қуана қоймадым. Партия құру, оны тіркету қажырлы жұмыс пен көп қаржыны талап етеді. «Партия ашамыз, саяси күрес жүргіземіз» деп ұран көтерген Жанболаттың демократиялық партияны тіркету ісін доғарып қойып, үйін жөндеп, жиһаз ауыстырумен шұғылданып кеткені қынжылтады. «Қаржы жоқ» деп митингіні де «жетім қыздың тойындай» өткізіп жүр. «Үйіндегі өзгеріс жасау үшін қаржыны қайдан алды, әлде Мамай шынымен де биліктің жобасы ма?» деген сұрақ та көңілімнен кетпей қойды. Жанболатты білеміз ғой, өзі жұмыссыз, әке-шешесі зейнеткер, жұбайы Инга да Жовтис кеңсесінен (Қазақстандағы халықаралық адам құқықтарын сақтау бюросы – «S») мардымды жалақы алмайды, қазір декреттік демалыста» дейді дереккөз.

Дереккөздің ойынша, Мамай жақтастарына мотивация беріп, олардың саяси күрестегі стимулын күшейтуді көздеген секілді. Жайнап тұрған коттеджін көрсету арқылы «мен сияқты саясатпен белсене шұғылдансаңдар, жақсы өмір сүресіңдер» деген тәмсіл беріп тұр. «... Басқалардың не ойлағанын білмеймін, өз басым Мамайдың үйінен көңілім құлазып, сенімім шетінен қайттым» дейді дереккөз.

Материалды дайындаған Берік Мыңжасар

Айдары: Түтін 16.11.2020 419

Қатысты мазмұн