Мамай қандай адам?

none

Заңгер Айжан Тәшенова Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайдың Бауыржан Байбекке қатысты айтқан мәлімдемелерінің бәрін жоққа шығарып, оның қып-қызыл жала екенін айтты. Ол Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының мүддесін сотта қорғап жатыр.

«Осы процестің арқасында жұрт Мамай мен Иманбайдың кім екенін көрді. Олардың әрекетінің артында жеке басының пайдасы ғана тұр. Енді бұл екеуінің айналасындағы адамдар бұларға нақты не керек екенін біліп жүретін болады. Екеуінде ешқандай құндылықтар, моральды принциптер жоқ. Олардың айыптауларының бәрі жабылған жала», - деді Тәшенова.

Оның айтуынша, бүгінгі сот процесі Мамай мен Иманбайды су бетіне шығаруда үлкен роль атқарған.

«Біз заң аясында жұмыс істей отырып, Мамай мен Иманбайды су бетіне шығардық. Бұл прецедент жаңа құқықтық мәдениеттің қалыптасуына себеп болды. Яғни, оның негізінде тұлғаның құқығын мойындау, өз әрекетіңе заң аясында жауап беру жатыр. Мамайдың айтып жүрген демократиясы ойыңа келгеннің бәрін айту емес, құқықтың алаңда мәдени қарым-қатынас. Енді Мамайдан бұған дейін жала естіген өзге тұлғалар да Бауыржан Байбектен үлгі алып, оның үстінен сотқа шағымданады деп үміттенемін», - деді заңгер.

Айта кетейік, Жанболат Мамай мен Инга Иманбай Бауыржан Байбектен басқа да лауазымды тұлғалар туралы видеороликтер әзірлеп, олардың бәрін жемқор деп айыптаған.

Берік Мыңжасар

Айдары: Түтін 14.06.2021 84

Қатысты мазмұн