Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталған Әйгерім Тілеужан Жауғашты түрмесінде басқы бір сотталушы әйелмен төбелесіп, оған дене жарақатын салған. Осы оқиғаға байланысты Әйгерімге ҚК-тің 107-бабы (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша айып тағылған. «Бұл бап екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді» деді адвокат Айнара Айдарханова.
Адвокаттың айтуынша, жанжал болған, бірақ ұрып-соғу болмаған. Ә.Тілеужан мұны «арандатушылық болды» деп есептейді.
Бұған дейін құқыққорғаушы Ринат Рафхат әйелдер колониясында Әйгерім Тілеужанның денсаулығы нашарлағанын хабарлаған.Оның айтуынша, Әйгерімнің омыртқасы ауырады, соның кесірінен ауруы күшейіп барады. Ал аштық жариялаған кезінде оның бірнеше тісі түсіп қалған. «Қалай болғанда да, Әйгерімге шұғыл кешенді медициналық көмек қажет», - деп жазды құқыққорғаушы.
«S»