Қазақстандықтар енді барлық жерде жеке куәліктің электрондық нұсқасын қолдана алады

none

Ендігі уақытта қазақстандықтар жеке куәліктің электрондық нұсқасын қолдана алады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Назгүл Бажаева мәлім етті.

"Биыл 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Аталған заң аясында цифрлық құжаттарды қолдану іске қосылды. Оның қатарында азаматтардың жеке куәлігі де бар. Яғни сіз EGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы жеке куәлігіңіздің электронды нұсқасын жүктеп аласыз. Одан әрі QR код арқылы жеке басыңызды растай аласыз»,- деді Назгүл Бажаева «AMANAT» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде QR код арқылы жеке куәлікті растау жұмыс істеп тұр. Яғни қазақстандықтар ендігі уақытта жеке куәліктің электронды нұсқасын қолдана алады.

«Бұған дейін жеке куәліктің электрондық нұсқасы тек мемлекеттік қызмет алған кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана қолданылған еді. Жаңа заңға сәйкес енді барлық жерде жеке куәлікті QR код арқылы көрсетсе жарап жатыр», - дейді ол.

Дереккөз: inform.kz

Айдары: Текемет 22.07.2022 106

Қатысты мазмұн