Қару-жарақ ұрлап қашқан сержант ұсталды

none

19 ақпаннан 20 ақпанға қараған түні Шымкент маңындағы әскери бөлімшелердің бірінде келісімшартпен қызметін өтеп жүрген кіші сержант 24 жастағы Абылай Балғынбай қашып кеткені хабарланды. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ол өзімен бірге қару-жарақ алып кеткен.

Министрліктің дерегінше, "Балғынбай рота бойынша кезекші болып жүріп, қашып кеткен. Кейін әскери бөлімшеде қару-жару жарақтардың да жоғалғаны анықталған".

Бас әскери прокуратура қару-жарақ жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған.

Қазақстан ішкі істер министрлігі Шымкент қаласына жақын маңдағы әскери бөлімшеден қару-жарақтармен қашып кеткен 26 жастағы кіші сержант Абылай Балғынбайдың ұсталғанын хабарлады.

Солдатты ұстау операциясын ІІМ мен ҰҚК жедел іздестіру тобы жүргізген.

Министрлік хабарламасында кіші сержанттың әскери бөлімшеден қашуына не себеп болғанын ашып айтпаған.

Кейбір мәліметте кіші сержант өзімен бірге 30 Калашников автоматы мен 27 Макаров тапаншасын және 429 оқ алып кеткен айтыла.

Абылай Балғынбай туралы не білеміз?

text

Абылай Балғынбаевтың (суретте) ағасы Нұрдәулет Балғынбайдың сөзінше, ағасы Бадам ауылындағы әскери бөлімде қызмет еткеніне біраз уақыт болған. Әскеридің туысы оның мінезін сипаттап берді.

"Ол өте ашық, жақсы адам. Ешкіммен аса сөзге келіспеген. Соңғы рет шамамен бір апта бұрын сөйлестім. Ол өзін ренжіткен не басқа да жайт туралы тіс жармады. Жалпы өз мәселелері туралы менімен бөліспейтін. Абылаймен көп араласпағанмын. Қазір желіде менің ағам туралы хабар тарап жатыр. Соңғы тәулікте онымен байланысқан жоқпын", - дейді Нұрдәулет.

Нұрдәулеттің айтуынша, Абылай 2015 жылы Шымкенттегі Автотехникалық колледжді бітірген. Үйінің тұңғышы: қарындасы мен үш інісі бар. Отбасы Шымкент маңындағы Қайнар ауылында тұрады.

"Бүгін оның ата-анасын құқық қорғау өкілдері Бадам ауылына алып кетті. Бәлкім, әскери бөлімге тергеуге шақырған болар. Ата-анасы жұмыссыз, үйде. Абылайдан кейін інісі бар, ол құрылыста жұмыс істейді", - дейді Нұрдәулет Балғынбай.

Абылай Балғынбай туралы сыныптасы Еркебұлан Бауыржанұлы да пікір білдірді.

"Иә, біз бірге оқыдық. Менің сыныптасым. Сабырлы болатын, ешкіммен сөзге келісіпеген, "4" пен "5-ке" оқитын. Бірақ мектептен кейін араласпадық. Мен Атырауда жұмыс істеймін. Әскери бөлімде қызмет етеді деп естігенмін. Айтпақшы, ол діни адам емес, намаз оқымайды", - дейді сыныптасы.

Әлеуметтік желідегі ақпараттар бойынша, Абылай Балғынбаев 1995 жылы 11 тамызда туған. 2016 жылдың шілдесінен келісімшарт бойынша 10216 әскери бөлімінде қызмет етеді. Былтыр желтоқсанда "кіші сержант" атанған.

Айдары: Түтін 20.02.2020 77

Қатысты мазмұн