Кезінде Әбілязовтың қанша жекеменшік ұшағы болған?

none

Қазақстанның қазіргі режимін сынап жүрген бітіспес оппозиционер, «нағыз демократ» - бұрынғы жоғары лауазым иесі, банкир, олигарх Мұхтар Әбілязов елде бүліншілік жасап, премьер болмақшы. Қазір ол Еуропа мен Англияда да заңды қайта-қайта бұзып, саяси босқын мәртебесін ала алмай халықтан ақша жинап жүр. Адвокат жалдауға қаражаты шынымен де жоқ па, әлде жанашыр жұртты алдаудың амалы ма, оны өзі біледі. Бірақ бұрынғы режим тұсында тасы өрге домалап, заңды бұзу жолымен алған қыруар байлығы есіне түскенде оны қалай болғанда да қалпына келтірмек ойы бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Оның сол кездегі байлығының бір бөлігі – жекеменшік ұшақтарға назар аударайық. Осыдан бір-екі жыл бұрын Inbusiness.kz ресурсында шыққан, бірақ өзектілігін жоймаған ақпарат бойынша Мұхтар Әбілязовтің осындай үш ұшағы болған. Тергеу дерегі бойынша, барлығы БТА банктің ақшасына сатып алынған. Бұл ұшақтардың қайда кеткені де анықталды.

Ашық дереккөздер бойынша, Мұхтар Әбілязовтың «Авиакомпания «Екселент глайд» АҚ-ға тіркелген аса жайлы үш ұшағы болған. Бизнесмен оларды сатып алуға 55 миллион доллар жұмсаған.Тергеу деректері бойынша, бұл банктің ақшасы болған. Іс қарала бастағаннан кейін барлық ұшақтардың жаңа иелері пайда болды. Борттарының тіркеу нөмірлерінің тарихына, сондай-ақ әуежайларда түсірілген фотосуреттерге сүйене отырып, олардың кейінгі тағдыры анықталды.

Ұшақтың біріншісі – Challenger 604. Оны Әбілязов бір кездері оны 27 миллион долларға сатып алған. Ұшақтың ұзындығы тоғыз метрге жуық, ені 2,5 метр. VIP салонына 18 жолаушы сыяды. Ұшақ аса жайлы, ол супер заманауи ауа баптау жүйесімен және тербелісті бәсеңдететін арнайы шуыл жүйесімен жабдықталған. Қазіргі уақытта ұшақ Star Jet компаниясына тиесілі. Еgov.kz мәліметі бойынша бұл үш құрылтайшысы бар қазақстандық компания. Компанияның бас директоры Абдулатип Исаев. Қолда бар деректерге сәйкес, ұшақ әліге дейін пайдаланылып жатыр. Әуе компаниясы жеке рейстер – чартер жасауға маманданған.

Екінші ұшақ – Bombardier Learjet 60. Әбілязов оған 18,5 миллион доллар төлеген.Ұшақтың габариті кішірек: ұзындығы бес метр, ені шамамен екі метр. Салонға сегіз адам сыяды. Дегенмен, бұл кеме әлдеқайда жайлы. Сарапшылар бұл ұшақты орта кластың ең жылдам және ең тыныш ұшатын әуе кемелерінің бірі деп атайды. Ол лезде биіктікке көтеріліп, 859 км/сағ жылдамдыққа жетеді. Кеменің модификациясы шуыл бойынша халықаралық талаптарға сай келеді және шу шектеуі бар әуежайларға қонуға арналған сертификатқа ие. Кейін Bombardier Learjet 60 ұшағын Excellent Glide әуе компаниясы сатып алыпды. Бірақ egov.kz мәліметінше, қазір бұл компания жоқ. Pk.uchet.kz порталы нарықта 10 жылдан сәл ғана асатын уақыт жұмыс істеген әуе компаниясының 2017 жылы жойылғанын растайды. Содан кейін аталмыш ұшақты Мексика мен АҚШ-тың Техас әуежайларында көрген.

Әбілязовтің меншігінде болған үшіні ұшақ – Як-42Д бір кездері 9 миллион долларға сатып алынған. Бұл үш моторлы әуе кемесі. Соңғы жылдары ол VIP клиенттердің тапсырысымен ғана жасалды. Ол 2016 жылы бөлшектенді.

Айдары: Бақ-бақ 08.05.2023 76

Қатысты мазмұн