Депутат шындықтан қашып құтыла алмайды

none

**«Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі депутаты Бақытбек Смағұлдың ауған соғысында «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Ерлігі үшін» медалін алғаны өтірік болып шықты. Ондай награда алмағанын 2012 жылы ауған соғысы ардагерлер кеңесінде өзі де мойындап, бұдан былай «Қызыл жұлдыз» орденін тақпауға уәде берген. **

«Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракция жетекшісі шындық іздеген ардагерлердің сұрағына жалған награда тағып жүрген депутат Бақытбек Смағұлдың бұл ісін депутаттық этика жөніндегі комиссияның талқысына салуға негіз жоқ деп жауап беріпті.

text

Ауған соғысының шындық іздеген ардагерлері Ресейдегі архивке сұрау салған. Олар Бақытбек Смағұлмен қатар Алматы қаласы мәслихатының екі дүркін депутаты болған, кейін «Ақ жол» партиясының депутаттыққа кандидаттар тізіміне кірген Талғат Әбдіжаппаровтың да ауған соғысында «Қызыл жұлдыз» орденін алған-алмағанын тексеріп беруді өтінген. Сөйтсе, ол да мұндай әскери марапат алмаған екен.

text

Ауған соғысының шындық іздеген ардагерлері батыр атағына пара-пар «Қызыл жұлдыз» орденін заңсыз иемденіп кеткендерді әшкерелеуді одан әрі жалғастырмақ. Олардың ойынша, Б.Смағұл мен Әбдіжаппровтың депутат болып сайлануы мен Қазақстан үкіметінен алған мемлекеттік наградаларына ауған соғысындағы «марапаттары» әсер еткен. Мысалы, Б.Смағұл Қызылорда облысы Қазалы ауданының және Алматы облысы Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы» атағын алған, ҚР II-ші дәрежелі «Айбын», "Құрмет" ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Ал Т.Әбдіжаппоров та дәл осындай марапатқа ие болыпты. Әрине, осы дау-дамай созыла берсе, «Нұр Отан» Бақытбек Смағұлдан «ауылын аулақ салуға» тырысады, оны алдағы сайлауда депуттатық тізімге қоспайды. Дегенмен, Б.Смағұл мен Т.Әбдіжаппорвтың Қазақстан үкіметінен алған наградасы мен басқа да марапаты қайта қаралуы тиіс. Әсіресе, олардың ҚР II-ші дәрежелі «Айбын» орденін алуы советтік «Қызыл жұлдыз» орденімен тікелей байланысты. Ауған соғысының шындық іздеген ардагерлері парламент сайлауына дейін осы мақсаттың үдесінен шыға ала ма,.. оны уақыт көсетеді. Дегенмен, Құдайдың бір атауы –Шындық, шындық уақытқа бағынбайды, сондықтан шындықтан қашып құтылу мүмкін емес.

Берік Мыңжасар

Айдары: Текемет 03.11.2020 88

Қатысты мазмұн