Астанада мешіттің имамын бауыздап кетті

none

Астанадағы Солтүстік Кавказ аймағында кеңінен таралған Қадария сопылық тариқатының рухани көсемі «Шейх Кунта қажы» атындағы мешіттің имамы Муслухиддин Надыровты арнайы іздеп барған қарулы адам оның бес жеріне пышақ сұғып, тамағын орып жіберген. Осындай хабарлама алған Астана полициясы шұғыл түрде арнайы операция жүргізіп, оқиға орнында 1990 жылы туған Жандос Қарбаев деген азаматты құрықтады. Мүфтиятқа бағынатын мешіт имамы Муслухиддин Надыров қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Имамға қарулы шабуыл жасаған Жандос Қарбаевтың айтуынша, оның әйелі мешіт имамы Муслухиддин Надыровтан дем салып, дұға оқып беруді өтінген. Ал имам бірнеше «рухани сеанстан» кейін әлгі әйелді қатты дуалап тастапты. Соның кесірінен әйел өзіне өзі қол жұмсап, сіркесу (уксус) ішіп өлуге ұмтылған. Сондықтан оның күйеуі Жандос Қарбаев «қанға - қан, жанға- жан» деп имамды өлтіру үшіне «Шейх Кунта қажы» атындағы мешітке пышақ алып барған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бағынышты мешітте болған бұл оқиға қазақ қоғамында дүрбелең туғызатын анық. Оқиғаға байланысты түсінік беруден басын ала қашқан Бас мүфти Наурызбай Өтпенов Астананы тастап, оңтүстікке қарай сапарлап кетті. Мүфтияттағы басқа дінбасылар да журналистерге жауап беруден қашып жүр. Сонда мешіттерде болып жатқан мынандай бассыздыққа кім жауап береді?!

Oraz Alimbekov,

Faceboоk парақшасынан алынды

Айдары: Текемет 16.03.2023 175

Қатысты мазмұн