Англия соты Әбілязовті қамауға алу туралы қаулының мерзімін ұзартты

none

Англияның Жоғарғы соты БТА Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы, қашқын олигарх Мұхтар Әбілязовті 2012 жылдың ақпанындағы сотты құрметтемегені үшін шығарған қамауға алу туралы қаулысын ұзартты. Бұл туралы БТА банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, қамауға алу туралы қаулы Мұхтар Әбілязовты Ұлыбританияға кірген жағдайда жазасын өтеу үшін полиция органдарына және/немесе сот қызметкерлеріне тұтқындауға және түрмеге жіберуге нұсқау беретін құжат. Құжат екі жылға жарамды, содан кейін ол тағы бір мерзімге ұзартылады. Банк қаулы мерзімін ұзарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.

Тұтқындау туралы бастапқы қаулыны 2012 жылдың 16 ақпанында Англияның Жоғарғы соты шығарған. Мұхтар Әбілязов бірнеше рет жалған айғақтар беріп, сотқа жалған құжаттар ұсынған, олар арқылы активтер мен операциялар Банктен жасырылған, сонымен қатар сот отырыстарына келмеген. Осыған байланысты сот Мұхтар Әблязовті сотты құрметтемегені үшін жалпы 22 айға түрмеге отырғызу туралы қаулы шығарды.

Ресми хабарлама бойынша, қамауға алу туралы шешім Мұхтар Әбілязовты оның барлық активтерін толығымен ашып көрсету, осы активтерге қатысты кез келген әрекетті тоқтату және сот шешімін бұза отырып, жауапкер жұмсап қойған/сатып үлгерген барлық активтерді қайтару туралы сот бұйрығын орындауға мәжбүрлеуге бағытталған.

Әбілязовқа қарсы істер қайта басталып, оны алдағы уақытта сот процестері күтіп тұр. Енді ол өзінің Қазақстан режимін сынап жүрген демократ, оппозиционер деп көрсетуге қанша күш салса да, спектакль аяқталуға жақындаған сияқты.

Айдары: Түтін 31.05.2023 70

Қатысты мазмұн