Ақша жоқ: "Нағыз Атажұрттың" күйреуі

none

Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесімен айналысатын тіркелмеген "Нағыз Атажұрт еріктілері" жұмысын тоқтататынын хабарлады. Ұйым белсенділері 4 наурызда Алматыда жиын өткізіп, қаржы қиындығына байланысты бұдан әрі жұмысын жалғастыра алмайтынын мәлімдеді.

2017 жылдан бері ұйымның белсенді мүшесі болған Серікжан Біләшұлы "ұйымды таратуға қаржы мәселесі түрткі болды, ешқандай саяси қысым болған жоқ" деді. Алайда ол ұйымды тіркеу үшін құжат тапсырған кезде кедергі жасалғанын айтты. Себебі "Атажұрт еріктілері" атты басқа ұйым бар. Оны С.Біләшұлы тобынан бөлініп кеткен бірнеше адам басқарады. Сондықтан тіркелмеген "Нағыз Атажұрт еріктілері" халықаралық адам құқығы ұйымынан гранттық қаржы ала алмайды. Ресми құжаты мен есепшоты жоқ ұйымға Қазақстандағы компаниялар да көмек бергісі келмейді.

Ұйым мүшелері мен жиынға келген кейбір азамат жұмысты тоқтатпау керек деген пікір айтты. Жұрттан көмек сұрап, ай сайын қаржылай демеу жасау туралы идея да айтылды. Бірақ бұл идеяның іске асуы неғайбыл. Халық селсоқ, ақша жинауға құлықты емес. Сондықтан ұйым жұмысы тоқтап қалғалы тұр.

Айдары: Текемет 04.03.2020 120

Қатысты мазмұн