Әблязов Франциядан экстрадициялануы мүмкін

none

Франциядағы босқындар ісі жөніндегі сот қашқын олигарх Мұхтар Әбілязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Брюссельде шығатын ЕО Reporter басылымы хабарлады. «Қашқын миллиардер Мұхтар Әблязов Францияда саяси босқын ретінде қалуына рұқсат етілетінін немесе алаяқтық жасады деген айыппен экстрадицияланатынын жақын арада біледі. Ұзаққа созылған Әблязовтың ісі алдағы уақытта босқын олигархтың мәртебесін шешуге тиіс болатын Франциядағы Босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотқа (CNDA) жетті», - деп мәлімдеді БАҚ.

Мақалада сондай-ақ Paris Match журналының зерттеуіне назар аударылды. Оның жазуынша, Әбілязовке баспана беру туралы шешім Францияның саяси ортасында алаңдаушылық туғызады, өйткені Францияның Қазақстанмен маңызды қорғаныс және уран келісімшарттары бар.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда Әблязов өзі басқарған БТА банктен 7 миллиард долларға жуық ақша жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға түрме жазасына кесілді, ал 2018 жылы БТА банктің өзіне дейінгі басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны толық дәлелденіп, сот оны үшін өмірлік бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

БТА банктің қаржысын ұрлап, шетел асқан бойда Әбілязов өзі өсіп шыққан және әр түрлі алаяқтық схемасымен баюына мүмкіндік берген Назарбаев режимінің қарсыласы кейпіне еніп, жалпы адами құндылықтарды жақтайтын күрескер демократ болып шыға келді.

2012 жылдың ақпанында Англияның Жоғарғы соты Мұхтар Әблязовті қамауға алу туралы шешім шығарған. Бұған себеп - ол бірнеше рет жалған айғақ беріп, активтер мен операцияларды банктен жасыру үшін жасалған жалған құжаттарды сотқа ұсынған, сондай-ақ қашқын банкир сот отырысына келмеген. Сөйтіп ол Англияда саяси босқын мәртебесін алу мүмкіндігінен айырылды. 2013 жылдың басында ол сотты құрметтемегені үшін 22 айға бас бостандығынан айыруға кесілді. Сол бойда миллиардер автобусқа мініп Францияға қашады. Он сегіз айдан кейін ағылшын детективтері қашқын олигархты Cote d'Azur аймағынан тапты.

Аты шулы алаяқ Әблязовқа қаржы жымқырды деген күдікпен Ресей мен Украина да іздеу жариялады. Қазан айында экс-банкирдің Францияда сот қадағалауында екені белгілі болды

Қазір Әблязов Қазақстанда бүліншілік жасап, хаос орнатуға барынша күш салып жатыр. Ютубте эфирге шыққан сайын аудиторияға елде төңкеріс жасаңдар, содан кейін мен келемін де, премьер-министр креслосына жайғасып мемлекетті басқарамын деген сыңайда ұран тастап жүр.

S

Айдары: Түтін 02.08.2022 50

Қатысты мазмұн