Әбілязовтің шоуы жалғаса бере ме?

none

Қазақстанның нағыз және жалғыз демократы, оппозиционері, данышпан экономисті және саясаткері рөлін сомдауға барын салып жатқан алаяқ, қашқын экс-банкир Мұхтар Әбілязов Франциядан қайтадан саяси баспана алу, яғни оған лайық екенін «дәлелдеу» үшін Қазақстанның заңды билігін құлату идеясын тықпалаудан жалықпай келеді. Фейсбук пен Ютубта бірер адам оқиды, тыңдайды деп бір сарынды мәлімдеме жасап, төңкеріс жасауға үндеп қояды.

Бірақ ең маңыздысы, жұрттан ақша сұрауға әбден дағдыланып алған ол оны аударудың түлі құйрытқы жолдарын ұсынып, барған сайын көп қаражат қажет дейді. Әрине, Еуропада тұру қымбат. Бірақ өзін «қазақтың Ленині» деп ойласа керек, шығынын халық көтергенін жөн деп сенеді. Алаяқ Әбілязов уәде етіп жүргендей, қыруар пайда табамын деген бір-екі ақымақ табылмаса, көпшіліктің оған сенбейтіні анық.

1 мамырға ереуілге шығыңдар деп ұрандаса да, өзіне еретін халық жоқ екенін біледі. Әрине, біледі. Бірақ осындай спектакль қойып, көрініс жасау оның мақсатына сай келеді. Еуропадағылар Әбілязовты экстрадициялау мәселесін қарағанда оның «шынымен де оппозиционер, демократ» екенін ескереді деген есеп бар. Сондықтан шоу жалғаса береді.

Жалпы Әбілязов өзін «Мың бір түндегі» Шахерезададай сезініп отырған болу керек. Күн шыққанда тірі қаламын деген үмітпен ертегіні мүмкіндігінше әсерлі, тартымды етіп айтуға барын салатын ертегінің кейіпкері сияқты жүз пайыз қиял-фантазиясын қосады.

Айдары: Текемет 28.04.2024 72

Қатысты мазмұн