Әбілязов оралмандарды өзінің мақсатына пайдалана ала ма?

none

Қытайдың Шыңжаңда өңірінде қуғын көрген қазақтардың құқығын қорғаумен айналысатын «Нағыз Атажұрт» ұйымының өкілдері де саяси партия құратынын мәлімдеді. Жиынға 60 шақты адам қатысты. Бір күн бұрын ұйым қытай қазақтарының мәселесін талқылайтын жиын өткізетінін хабарлаған. Бірақ, жиын басталған соң ұйымның бейресми жетекшісі Бекзат Мақсұтханұлы партия құратынын мәлімдеді. Бұған жиналған қауым таңданып қалды.

Партия құру туралы шешімге келген Б.Мақсұтханұлы саясатқа белсене араласпай «шетел қазақтарының мәселесін шешу мүмкін емес екен» деп түсіндірді.

Жиналған жұртпен өзін қытай қазақтарының лидері санайтын Серікжан Біләшұлы интернет арқылы АҚШ-тан байланысқа шықты. Ол әдеттегіше «жауды» жалғыз өзі жапырып жатқандай ұрандап сөйледі. Белсенділердің сөз сыңайына қарағанда өздері құратын саяси партияның атау «Атажұрт» болады. Бірақ, дәл солай аталатын ресми тіркелген ұйым бар. Ол ұйымның жетекшілері С.Біләшұлы тобымен дүрдараз. Сондықтан қытай қазақтарының бұл тобы партия тіркетіп жатса, «Атажұрт» деген атауды пайдалана алмайды.

Саяси партия құратынын мәлімдеген Бекзат Мақсұтханұлы сөзінің соңын сұйылтып жіберді, саяси «партия құру оңай болмайтынын», «әзірге партияны тіркеуге құжаттары дайын емесін», «қаржылай халық көмегіне үміт артатынын» айтып мұқтажын тізімдеп кетті. Соған қарағанда, бұл да жұртты елеңдетіп қоятын бос дабыра сияқты. Сонымен қатар, шетелде қашып жүрген Мұхтар Әбіләзовтің соңғы жылдары сонымен сыбайласып алған Серікжан Біләшұлы арқылы оралмандарға берілген саяси тапсырмасына ұқсайды.

Мұндағы гәп мынада: С.Біләшұлы Қазақстанда тұрып жатқанда өзін құқыққорғаушы ретінде сипаттайтын. Ол қазақ саясатына араласпайтынын, тек қытай қазақтарының құқығын қорғаумен ғана шұғылданатынын, Әбілязовты танымайтынын, оған ермейтінін айтудан талмайтын. Оның ойынша, саясатпен айналысу құқық қорғау мәселесіне кедергі келтіреді. Дегенмен, ол АҚШ-қа қоныс аударған соң қытай қазақтарының мәселесімен шұғылдануды азайтты. Есесіне АҚШ-та тұратын Барлық Меңдіғазиев арқылы Әбілязовпен тіл табысты, екеуі одақтасып алған секілді, өзары ым-жымы бір. Серікжан Біләшұлының Әбілязовпен байланысы қазақ қоғамына да әсерін беріп жатыр. Соңғы жылдары Біләшұлының жақтастары әбіләзовшілермен тым жақындасып кетті. Әбілязов басқаратын ҚДТ ұйымы Қазақстанда экстермистік деп танылып, оның қызметіне тиым салынған. Осы қиындықты ескерген Әбілязов қытай қазақтарының көмегімен заңды тіркелген ұйым құрып алуды көздейді.

Берік Мыңжасар

Айдары: Текемет 12.05.2022 127

Қатысты мазмұн