Әбілязов неге оппозицияға кетті?

none

Шетелде қашып жүріп, Қазақстанда төңкеріс жасауды армандап жүрген экс-банкир, Франция сотында саяси баспананы даулап алу үшін қажет деп қазір халықтан адвокатқа ақша жинап жүрген олигарх Мұхтар Әбілязов не себептен оппозиция болғанын айтып, өз-өзіне кезекті пиар жасаудың кезекті амалын жасады.

«2002 жылы 27 наурызда түрмеге жабылып, содан кейін ҚДТ партиясын құрғаным үшін Назарбаевтың бұйрығымен 6 жылға сотталғаным, бұл жағдай көптеген бизнесменнің және Назарбаевтың жоғары лауазымды шенеуніктерінің санасын жарып жібергені есімде. Бұл қалай? Әбілязовта бәрі де болды. Ірі бизнесі, мансабы болды, Назарбаевпен бірге жұмыс істеп, өркендей беруіне болар еді. Осының бәрін неге құрбан етті? Ал менің басқа, қарсы қояр сұрағым бар. Неліктен біз кедей немесе қайыршы болып өмір сүруіміз керек? Неге БІЗ, мысалы, Оңтүстік Корея сияқты еркін, күшті, экономикалық дамыған мемлекет құра алмаймыз?» дейді Әбілязов.

Қазақстанның заңды билігін құлатып, демократиялық мемлекет, жемқорлық құрамыз деп «жалынды» ұран тастайды. Бірақ өзі басқарып жүрген БТА банкті тонап, шетелге қашқан адамға кім сенеді? Құйтырқы схема құрып, оңай баюдың жолдарын әбден меңгерген, қазір аямай сынап жүрген жемқорлықты министр болған кезінде жетілдірген адамға мемлекет тізгінін ұстатуға бола ма? Ондайға тіпті кішкентай фирманы сеніп тапсыруға да болмайтыны анық.

Өзінің жағымды имиджін жасаудың айла-тәсілдерін үйреніп жүрген ол мұны шынымен де саяси оппозиционер екенін, Қазақстаннан кетуіне Қылмыстық кодекс бойынша жазаланатын әрекеті емес, саяси көзқарасы, шешімі себеп болғанын дәлелдеп, саяси баспана алуға лайықты екеніне сотты сендіру үшін жасап жатыр.

Айдары: Бақ-бақ 31.08.2023 50

Қатысты мазмұн