Әбілязов не үшін ақша сұрап жүр?

none

Нью-Йорктегі АҚШ Оңтүстік округтік соты қашқын банкир Мұхтар Әбілязов пен оның күйеу баласы әрі сыбайласы Ілияс Храпунов ұрлаған ақшаны жылыстату үшін пайдаланылған Triadou SPV S.A. компаниясына қарсы БТА банкінің талап-арызы бойынша БТА Банкінің адвокаттарға төлеген қаламақысын өтеу туралы желтоқсан айында шешім шығарғаны белгілі.

Шешімнің қалай орындалып жатқаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Әзірге жария болған ақпарат бойынша, Соттың адвокаттардың қаламақысын төлеу туралы шешімі АҚШ-тың қазылар алқасының үш апталық сот отырысынан кейін шықты, ол кезде бір жыл бұрын Triadou SPV компаниясына қарсы барлық кінәрат-талап бойынша БТА банкінің пайдасына шешім шығарумен аяқталған. Осы ұйғарымның негізінде сот 2023 жылдың 31 шілдесінде Triadou компаниясына қатысты 193 миллион АҚШ долларынан астам сомаға үкім шығарды. Нью-Йорктегі АҚШ Оңтүстік округтік сотының судьясы құрметті Джон Г. Коэльтл сот процесіне төрағалық етіп, БТА банкінің адвокаттардың қызметіне төлеген қаржысын өтеуді ұйғарды.

Алқабилер соты өткеннен кейін судья Коэльтл қашқын экс-банкир Әбілязов ұйымдастырған ірі алаяқтық пен ақшаны жылыстату схемасына қатысты нақты тұжырымдар жасады. Судья Коэльтл Әбілязовтың «оффшорлық компанияларға жалған кредит беру» және кейін Әбілязовтың сенімді тұлғалары басқаратын басқа да жасырын компаниялар арқылы ақшаны жылыстату арқылы миллиардтаған доллар ұрлауды ұйымдастырғанын анықтады. Әбілязовтың сенімді адамдарының ішінде күйеу баласы Ілияс Храпунов болды. Храпунов Triadou SPV компаниясын құрып, басқарды, бұл компания БТА банкінен ұрланған 70 миллион доллардан астам ақша алып, оны Нью-Йорк пен АҚШ-тың басқа қалаларындағы жылжымайтын мүлікке салды. Американың қазылар алқасы бұл ұрланған ақша БТА банкіне қайтарылуы керек деп шешті.

Адвокат қаламақысының шығынын өтеу туралы шешім шығарған судья Коэльтл АҚШ-тың басқа судьясының бұрынғы тұжырымдарын қабылдады, ол судья да «Әбілязов БТА-дан ұрлаған ақшаның бір бөлігі әртүрлі аралық компаниялар арқылы Triadou компаниясына жылыстатылған және Ілияс Храпуновтың көмегімен АҚШ-тағы жылжымайтын мүлікке инвестицияланған» деп тапты. Содан кейін сот шешімі бойынша жымқырылған қаражатты бар және әлеуетті кредиторларды [мысалы, БТА Банкінен] қорғау үшін Ілияс Храпунов Triadou компаниясының Нью-Йорктегі активтерін жоюға басшылық етті. Активтерді АҚШ аумағынан экспроприациялауды тоқтатуға байланысты БТА Банкінің адвокаттарға төлеген қаламақысын өтеуді ұйғару туралы шешім қабылдау кезінде сот БТА Банкінің адвокаттары ақшаны жылыстатудың күрделі схемасы контекстінде активтерді қайтаруды үшін ақылға қонымды күш салғанын анықтады.

Сенгіш адамдардан көбірек ақша жинап алу үшін барын салып жатқан Әбілязов соттың шешімін орындай ма? Жауабы айтпаса да түсінікті.

Айдары: Түтін 10.01.2024 80

Қатысты мазмұн