8 наурызда феминистердің шеруі өте ме?

none

10 ақпанда Алматыда Feminita белсендісі Ақторғын Ақкенжебаласы қала орталығындағы "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші алдында әйелдер шеруіне рұқсат етуді талап етіп пикет өткізді. Оның қолында "Маршты болдырмау қылмыс!" деген жазуы бар плакат болды. Бұл феминистердің Алматыда әйелдер құқығына арналған шеру өткізуге рұқсат беруді талап еткен пикеттер легінің жалғасы. Ол ақпанның басында басталған. Мәлімдеуінше, бұл шеруге рұқсат етпей отырған әкімдіктің әрекетіне белсенділердің реакциясы. Оған дейін 9 ақпанда түстен кейін Алматыда Республика алаңында Oyan, Qazaqstan! белсендісі Темірлан Еңсебек 8 наурызда әйелдер шеруін өткізуге рұқсат беруді талап етіп, жалғыз адамдық пикет өткізді. Белсенді әкімдіктің ресми лауазымды тұлғаларының аты жазылған плакат жайды. Онда «Аманжол, Айдар, Ерболат, ар-ұждандарың қайда. Феминист әйелдерге марш өткізуге рұқсат беріңдер!» деп үндейді. Темірлан Еңсебек қазіргі әкім Ерболат Досаев жыл сайынғы дәстүрді бұзып, әйелдер шеруін өткізуге рұқсат бермей отырғанын айтады.

6 ақпанда Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдында KazFem қозғалысының негізін қалаушы Вероника Фонова 8 наурызда әйелдер шеруін өткізу үшін тағы да жалғыз пикетке шықты. «Власть» хабарлағандай, Фонова бір күн бұрын отставкаға кеткен үкіметтің депутаттардың харрасмент үшін қылмыстық жауаптылық енгізу туралы түзетулерін қолдамағанына, сондай-ақ Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың отбасындағы жанжалдың барлығы «әйелдің ұзын тілінен» туындайды деген мәлімдемелеріне наразылығын білдірді. Ол 3 ақпанда да 8 наурызда митинг өткізуді қолдайтын плакатпен жалғыз пикетке шыққан болатын. Сол кезде оған Никита Бура есімді адам шабуыл жасады. Ол фемактивисттің үстінен полицияға шағымданған, оған жауап ретінде ол оның үстінен хаттама жазған.

Ал 2 ақпанда жалғыз адамдық пикетке шыққан белсенді Лия Берген "Республика" алаңында "Досаев, дәстүрді бұзбай, шеруге рұқсат бер!" деген жазуы бар плакат ұстап тұрды. Лия Берген "жалғыз адамдық пикетке шығуым — әділдік пен теңдікке деген табанды ұмтылысымыздың көрінісі" дейді.

Осы үрдіске себепкер - 8 наурызда митинг өткізуге рұқсатты ала алмай жүрген феминист әйелдер. Бірақ «Феминита» әйелдердің барлығын қорғай бермейді. Ұйымның сайтында айтылғандай, феминистік бастама Қазақстан халқының ең қысымға ұшыраған топтары (лесбиян, бисексуал, квир, мүгедек әйелдер, секс жұмысындағы (жезөкше) әйелдер) үшін әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени салаға өзгеріс енгізуге қабілетті әйелдер құқықтарын және белсенді қоғамдастықтарды құруға және нығайтуға бағытталған қарапайым квир-феминистік ұжым болып табылады. Яғни, жасап жатқан әрекетінің бәрі - бір жынысты феминизм. Бұл ұйым гейлердің, яғни гомосексуал еркекектердің құқығын қорғамайды. Сондай-ақ, дәстүрлі түсініктегі әйелдер ұйым қызметінің аясынан тыс қалады, мұндай әйелдер құқығын, мүддесін қорғау үшін ұйымнан көмек сұрай алмайды.

Сонда 8 наурызға жоспарланып отырған марштың шын мақсаты қандай?

Айдары: Дүрбі 10.02.2024 42

Қатысты мазмұн