"Жүйкесі сыр бере бастады" - Зайытов Тілеухан туралы

none

Депутат Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханның оны сарышұнаққа теңеуіне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ол Adal Adam YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

"РОВД-ға кіргізіп, ішінен 10-15 минут таяқтың астына алғанда судан шыққан сарышұнақ сияқты сүмірейіп тұратын Ринат сияқты адам керек билікке. Шындап қысып жібергенде сүмірейіп шыға келеді. Қайратты болуы мүмкін, бірақ шындап қысып жіберген кезде құйрығын екі бұтының арасына қысып алып қашатын адам керек", - деген болатын Бекболат Тілеухан.

Ринат Заитов Тілеухан бірдеңе көксеп отыр деп ойламайтынын айтты.

"Ол кісі шетелде жүргеннен кейін кішкене күмәнім бар. Жүйкесі сыр бере бастады ма екен? Өте агрессив сөйлей бастайды. Осындайды көп айта бастады. Сосын көшенің жаргондарын көп пайдаланатын болыпты. Сондықтан жүйкесі сыр беріп жүрген шығар деп ойлаймын. Басқа не деп ойлаймын? Ондай әңгіменің отырып мен де түбін түсіре аламын", - дейді Ринат Заитов.

Дереккөз: massaget.kz

Айдары: Дүрбі 01.12.2023 92

Қатысты мазмұн