"Өлдің Мамай, қор болдың"

none

Саясатта "саяси өлік" деген сөз тіркесі бар. Осы сөзді бүгін өзін саясаткер санатына қосып жүрген Жанболат Мамайға қатысты қолдануға болады. Себебі қазір көпшілік оның кім екенін жақсы біледі. Жалпы ол қолға алған ісін ешқашан аяғына дейін жеткізген емес. Ұдайы жеңіл абырой іздеуді дағдыға айналдырып, өз ойын жүзеге асырғаннан кейін қасындағыларды сатып кете береді. Осы сатқындығы оны ақыр аяғында билікке сатылуға алып келді.

Оқырмандарға түсінікті болуы үшін бәрін басынан бастайық. Ол мұрынбоқ бала кезінде Мұхтар Шахановтың қасына келіп еді. Сол келген бойы Шахановты алдап-сулап "Рух пен Тіл" атты клуб құрып алды да артынша Шахановты жамандап шыға келді. Бұл оның алғашқы сатқындығы еді. Оның ең үлкен сатқындығы - өзінің туған тілін сатуы. Сондықтан да Ж. Мамай қазақ тіліне қарсы мақала жазды. Одан кейін ол жаңаөзендік мұнайшыларды сатты. Турасын айтсақ, Жанболат Мамай осы кезден бастап билікке сатылды. Биліктегілер де ақымақ емес. Мамайдың сатқын екенін білдірмес үшін оны уақытша өтірік қамаған болды. Халықтың көзін алдау үшін ұзақ уақыт сот процесін жүргізді. Не керек, Мамайдан қолдан қайраткер жасауға тырысты. Біраз уақыт оны журналистік қызметтен де ажыратты. Бірақ артынша Мамай қайтадан атқа мініп шыға келді. Айды аспанға бір-ақ шығарды десе де болады. Басы шатылып жүрсе де партия құрмақ болғанын біз басқаша айта алмадық. Бір қызығы партия құру барысында оның жолы бірден барлық аймақта да бола кетті. Оны қолдаушылар тез-ақ ұйымдаса қалды. Сонда бұл не деген жол үстінде жатқан батпан құйрық?!

Оның қандай "құйрық" екені көп ұзамай белгілі бола бастады. Әйелі Инга "Жас Алаш газетіне бас редактор болып тағайындалды. Әрине ондай жерге ол биліктің көмегінсіз бара алмайды. Бірақ арттары ашылып қалатын болған соң билік оны қайтадан алып тастады. Себебі оларға Мамай керек еді. Соған орай Мамай да белсенділік таныта бастады. Тіпті оған билік өздерін сынауға да ұрықсат берді. Себебі ол халықты уақытша тыныштандыру үшін керек еді. Бірақ көп ұзамай Мамайдың да арты ашылды. Ол партия сиезін өткізетін күні әдейі митінгі ұйымдастырмақ болып, тағы да уақытша қамауға түсті. Содан кейін-ақ халық қанша уақыттан бері қүрылатын шығар деп сеніп келген партиясы жарым жолда тоқтап қалды. Міне сол кезден бастап халық оны "саяси өлік" санатына қосты. Сондықтан да біз тақырыбымызды "Өлдің Мамай, қор болдың" деп қойдық. Бірақ Мамай әлі де тыраштанып, халықтың бетін өзіне бұрғысы келіп жүр. Онысынан әзірге түк шығар емес. Шықпайтыны белгілі. Себебі ол - "саяси өлік".

Нұрлы Жасаров

(Жазба автордың Фейсбуктегі парақшасынан алынды)

Айдары: Түтін 01.04.2020 711

Қатысты мазмұн