"Халық сенімі" қозғалысы құрылды

none

Бүгін Алматыда бір топ қоғам белсендісі "Халық сенімі" ("Народное доверие") азаматтық қозғалысын құрды. Бастамашы топтың арасында бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев, Жалпыұлттық-социал демократиялық партиясының мүшесі, экономист Айдар Әлібаев, қоғам белсенділері Ғабиден Жәкей, Марат Уатхан, желтоқсаншы, жазушы Талғат Айтбайұлы, ауған соғысы ардагерлерінің басшысы Байдәулет Дәркембай, ақын Болат Шарахымбай бар.

Қазбек Бейсебаев пен Ғабиден Жәкей қозғалыстың тең төрағасы болып сайланды.

text

«Халық сенімі» қозғалысы елдегі оң өзгерістердің болуын қалап, барша қазақстандықтарға «Оян, азамат!» - деп ұран тастайды.

Мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы, пандемияның салдары, шенеуніктердің елдің өзекті мәселелерін шеше алмауы, тамырын тереңге жайған сыбайлас жемқорлық – осының бәрі елдің тағдыры туралы ойлануға мәжбүр етеді.

Билік көп жылдан бері шешім қабылдау кезінде азаматтардың мүдделерін ескермей келеді және бұл «дәстүрге» айналды. Әр түрлі күмәнді бағдарламалар мен жобаларға үлкен бюджет қаражаты бөлінуде.

Нәтижесінде, Қазақстанда халыққа есеп бермейтін биліктің құйтүұрқы жүйесі қалыптасты. Мемлекет халық үніне қөұлақ аспайды. Реформалар қағаз жүзінде ғана іске асырылып келеді. Билік бізге үнемі «жүйелі даму мен демократия жолының басында» екенімізді айтып, алдарқатып келеді.

«Халық сенімі» қозғалысы билікті тек сырттан сынап, қол қусырып отыра алмайды.Біз саясатқа баруға бел будық. Біз өзіміздің конституциялық құқығымызды жүзеге асырып, ұлттық мүдде жолында мемлекет істерін басқаруға қатысқымыз келеді.

Біздің негізгі мақсатымыз – «Халық сенімі» қозғалысын «Халық сенімі» саяси партиясына айналдыру.

Біздің ұранымыз қарапайым: «Ел-Жер-Әділет және Даму».

Біздің мақсатымыз нақты: елдегі қалыптасқан басқару жүйесін заң долымен өзгерту және қоғамдағы әділетсіздікіт жойып, халық сенімін ақтайтын нақты саяси жүйе құру. Биліктің есептілігі және оның ауысуы. Лайықты азаматтарды және ең алдымен, талантты жастарды елді басқаруға тарту үшін жағдай жасау. «Халық сенімі» қозғалысы қатаң түрде заң шеңберінде әрекет ететін болады.

Қазір біз үшін басты мәселе – қаржыландыру. Біз қаражат жинауда халық пен жекелеген бизнестің қолдауына сенеміз. Қаржы жинау әдісі – «Краудфандинг». «Краудфандинг» – бұл ерікті қатысуға негізделген ұжымдық қаржыландыру әдісі, яғни, халықтың қолдауы. Әлеуметтік желілерде қаражатты аударуға болатын арнайы банктік деректер болады.

«Біз ерікті азаматтардың рухани, қаржылық қолдауымен жұмыс істейтін нағыз халықтық партия болуға ниеттіміз. Біз өзгерістті қалаймыз. Ел тағдыры алаңдатады. Бұрынғыдай, елдегі оқиғаларды үнсіз бақылау енді нәтиже бермейді. Біз қоғамды өзгертуге тырыспасақ, біз жеңілетін боламыз» деп мәлімдеді ұйым басшылары.

Айдары: Төбе 23.06.2021 274

Қатысты мазмұн