"Бәсе" авторларына неге іздеу жарияланған?

none

3 қарашада Ішкі істер министрлігі аты шулы "Бәсе" YouTube-арнасының авторлары Наталья және Айдос Садықовтарға неге іздеу жарияланғанын түсіндірді. Министрліктің мәлімдеуінше, "Бәсе" YouTube-арнасында заңға қайшы контент анықталған.

«Уәкілетті орган YouTube арнасында шындыққа сәйкес келмейтін және ұлт араздығын насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады... Қылмыстық істі ІІМ Тергеу департаменті тергеп жатыр», - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомствода 2014 жылдың 17 наурызында кәсіпкердің жеке шағымы бойынша Ақтөбе қаласының №2 соты аталған адамға мемлекетаралық іздеу салғанын атап өтті.

«Кейіннен бұл бапты қылмыссыздандыруға және әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруға байланысты іздеу тоқтатылды», - деп толықтырды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

2014 жылдың наурыз айында Ақтөбе қалалық сотының судьясы журналист Наталья Садықованы қамауға алу туралы сырттай қаулы шығарған. Наталья Садықоваға қатысты адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен біріктірілген жала жабу айыбымен қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 129-бабының 3-тармағы бойынша берілуі мүмкін жаза – үш жылға түрмеге қамау).

Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, 2014 жылдың наурыз айында ақтөбелік журналистер Айдос пен Наталья Садықов Қазақстаннан Украинаға кетіп, онда YouTube (996 мың жазылушысы бар) және Telegram-да (92 мыңнан астам жазылушысы бар) «Бәсе» арнасын құрған.

Айдары: Бақ-бақ 03.11.2023 73

Қатысты мазмұн