"Алтыншы қаңтар" тәуелсіз блогы шынымен де тәуелсіз бе?

none

26 желтоқсанда Алматы қаласында баспасөз жиынын өткізген бір топ белсенді алдағы мәжіліс сайлауына өз-өзін ұсынатын адамдардың "Алтыншы қаңтар" тәуелсіз блогын құратынын хабарлады. Баспасөз жиынына тәуелсіз бақылаушы Арайлым Назар, тәуелсіз заңгер Әлнұр Ильяшев, журналистер Динара Егеубаева мен Думан Мұхаммедкәрім қатысты. Олар тәуелсіз блоктың 2023 жылы өтетін мәжіліс сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

"Мұны сайлауға қатысуға ерте дайындық деуге болмайды. Біз керісінше 30 жылға кешіктік. Сайлау алдағы жылдың алғашқы жартысында өтетіні анық, сондықтан қазірден бастап дайындалуды жөн көрдік" - дейді Думан Мұхаммедкәрім.

Белсенділердің сөзінше, "Алтыншы қаңтар" тәуелсіз блогын қолдаушылар Қазақстанның өзге де өңірлерінде бар. Заңгер Әлнұр Ильяшевтің мәлімдеуінше, тәуелсіз блок алдағы мәжіліс сайлауында "өз-өзін ұсынатындарға көмектесуге дайын.

Динара Егеубаева ешқашан саясатпен айналыспағанын, бірақ оның соңғы он бір айдағы қызметі саяси және құқық қорғау қызметіне айналғанын айтты. Оның ойынша, барлық тәсілді қолданатын кез келді. Тым болмаса тырысып көру керек. Мемлекеттің шынымен де «жаңа Қазақстанды» құрып, саяси реформалар жүргізіп жатқанын өз мысалымен көрсетпек. Қантар тақырыбын қоймайтынына уәде берді.

Билік транзиті тұсында әр түрлі саяси күштердің теке-тіресі шиеленісетіні заңдылық. Шындығында, әр тұлғаның артында белгілі бір күш тұр. Өздерін нағыз демократ деп мәлімдеген белсенділердің сөзі әдемі, бірақ бұл, әлбетте, жеткіліксіз. Қазір популистік ұран тастап жүргендер нөсер жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтай көбейіп кеткен. Сондықтан өздерін тәуелсіз деп мәлімдеген белсенділердің шын мақсаты қандай екенін уақыт көрсетеді.

Қараша айының соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инаугурация рәсімінде 2023 жылы депутаттарды сайлау өтетінін жариялады. Мәжіліс пен мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауы 2023 жылдың маусымында жарияланды. Сенат сайлауы 14 қаңтарға белгіленген. Үміткерлерді ұсыну 29 қараша мен 24 желтоқсан аралығында өтті.

Айдары: Бақ-бақ 26.12.2022 191

Қатысты мазмұн