Жанболат Мамай сотта кінәлі деп танылды

none

10 сәуірде Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында тіркелмеген Демкоартиялық партияның жетекшісі, Ақорданың жобасы саналатын Жанболат Мамайға шығарылған үкім оқылды. Ол 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ ол журналистік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сотталушыға билік өкілдерін қызметтік міндеттерін орындаған кезде балағаттады, көрінеу жалған ақпарат таратып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды.

Сотта үш эпизодты қаралды. «Сот бірінші эпизодта сотталушы Алматы қаласында жиналған адамдардың алдында тіркелмеген партияның рұқсат етілмеген митингісінде сөз сөйлеп, құқық қорғау органдарының қалыпты қызметін бұзу және полиция туралы жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғау міндетін атқарған полиция қызметкерлерін балағаттап, қорлағанын анықтады», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Екінші эпизодта сотталушы БАҚ және телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, азаматтарды тіркелмеген партия қатарына қосылуға шақырған.

Соттың мәлімдеуінше, саяси жағдайды тұрақсыздандыру, қоғамдық сананы айла-шарғы жасау мақсатын көздей отырып, халықтың кредиттік ауыртпалығына байланысты әлеуметтік шиеленісті пайдалана отырып, ҚР Қаржы нарағын реттеу және дамыту агенттігінің кредиттік амнистия жариялағаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан және еліміздің банктері мен микрокредиттік ұйымдарында кредиттері бар азаматтарды кредиттерін есептен шығаруға өтініш беріп, күн сайын осындай талаптармен жүруге шақырды.

Үшінші эпизод бойынша Жанболат Мамай 2022 жылдың 4 қаңтарында тіркелмеген партия атынан сөз сөйлеп, елдегі әлеуметтік шиеленісті түсініп, «Алматы Арена» мұз сарайының маңында заңсыз митинг ұйымдастырды.

«Ол өзінің халыққа үндеулері арқылы ҚР билігіне, құқық қорғау органдарына теріс, сыни көзқарастың пайда болуына, ҚР-да билікті ауыстыру қажеттілігі туралы пікірдің қалыптасуына әкелді, сондай-ақ билікті өзгерту талабын қолдау мақсатында митингілерге қатысуға ынталандыру және Алматы аумағында зорлық-зомбылыққа, ойран салуға, өрт қоюға, қиратуға, мүлікті жоюға, атыс қаруын қолдануға, сондай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетуге ұштасқан тәртіпсіздікті ұйымдастырды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жаза тағайындау кезінде сот сотталушының жағымды қасиеттерін және асырауында үш жас баланың болуын ескергені атап өтілді. Айыптау тарапы ешқандай ауырлататын мән-жайларды алға тартқан жоқ. Ақырында Жанболат Мамай кінәлі деп танылды.

«Бұл ретте билік өкілдерін қорлағаны үшін талап қою мерзімінің өтуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылды. Қасақана жалған ақпарат таратқаны және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін, әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси қызметпен және публицистік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, ҚК 63-бабының негізінде шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп қорытындылады соттың баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, Мамай соттің үкіміне мүлдем келіспейтінін, саяси астары бар үкімге шағын беретінін мәлімдеді. Алдағы уақытта кезекті сатысына өтетін бұл перфоманстың жалғасы еліміздің саяси өмірін аздап қызықты етіп көрсетуге тиіс. Себебі, ұзаққа созылып кеткен "Мерлезон балеті" оппозициялық көзқарастағы адамдарды да, жағдайды байқап отырғандарды да мезі қылды. Саяси технологтардың бұл жобасы сәтсіз шыққан соң, оның басты кейіпкерінен халыққа тартымды бейне жасау керек екені анық. Ол - қазақшаланған Мандела немесе Навальный бейнесі. Бұған Тихановскаяның қазақша нұсқасын да үйлесімді етіп қосуға болады. Қай нұсқаның таңдалғанын шағымды қарайтын соттың шешімі көрсетеді.

Айдары: Дүрбі 10.04.2023 74

Қатысты мазмұн