Тоқаев президенттік мерзімін жаңадан бастамайды

none

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімін ұзарту туралы айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәліметінде көрсетілген.

"Менен ел ішінде де, шетелде де қазіргі Мемлекет басшысы өзінің өкілеттік мерзімін референдум арқылы ұзартуға, былайша айтқанда, президенттік мерзімін жаңадан бастауға ниетті ме деп сұрап жатады. Менің жауабым: мұндай ниет жоқ және болмайды.

Ұсынылған саяси жаңғырту бағдарламасы өзінің мазмұны бойынша өте ауқымды. Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандығын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президет бұл шара еліміздегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам екенін айтты.

"Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум алғаш рет өтеді. Бұл шара еліміздегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Еліміздің азаматтары жалпы конституциялық реформалардың маңызын түсінеді.

Қоғамымызда референдумға үлкен қызығушылық бар. Шетелде де. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген кең әлеуметтік сұранысты және халықтың алдағы өзгерістерге деген сенімін көрсетеді. Бұл - заңдылық. Өйткені реформалар жеке тұлғалардың, соның ішінде Президенттің артықшылықтарын арттыру емес, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүргізіліп жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews.kz

Айдары: Төбе 01.06.2022 28

Қатысты мазмұн