Тайжан "түстен кейін маңырады" ма?

none

ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына бұрынғы кандидат Мұхтар Тайжан қамауға алынды. Оған себеп - 2023 жылдың 9 сәуірі, жексенбі күні Алматы қаласында сайлауға қарсы митинг өткізуі.

Парламент сайлауында жеңіліс тапқан экс-кандидаттардан құрылған «Халықтық парламент» мүшелері қатысуға тиіс болған жиында Мұхтар Тайжан, Нұржан Әлтаевтардан басқа ешкім көзге түспеген. Шораев, Боқаевтар виртуалды кеңістіктен шықпай, алаңға келмепті. Тайжанды қолдаушылардың саны да саусақпен санарлық болды. Баспасөз мәслихатына көбірек ұқсайтын митинг билікті соншалықты қорқытқан ба, әлде Тайжанның "оппозициялық мансабының" келесі кезеңін бастап, оның нағыз халықшыл саясаткер, көше күрескері имиджін жасау қолға алынды ма. Екіншісі шындыққа жанасатын сияқты. Парламентке өте қойған жағдайда Мұхтар Тайжан жер комиссиясында істеген кездегідей, оппозициялық колоритінен айырылады. Сондықтан оның әлеуметтік желіде ұрандап, анда-санда көшеде сөз сөйлеуі ұтымдырақ көрінеді. Шындығында, сайлау нәтижесі Наурыз мерекесінде жария болған, бірақ сайлауда ұтылып қалған кандидаттар наразылық таныта қоймады. "Темірді қызған кезінде соққан жоқ". Бұл оппозицияшыл қауым ішінде "Халықтық парламентке" деген күдік туғызған. Осы қоғамдық пікірге құлақ асақан Тайжан митинг өткізу үшін бастама көтерген. Дегенмен, Тайжан және оның жақтастары митингіге дайындалған жоқ, соның салдарынан алаңға ат төбеліндей аз адам жиналды. Бұл митинг деген атау үшін ұйымдастырылған митинг болып шықты.

Сонымен, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Мұхтар Тайжан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Тайжан сәуірдің 12-сі күні "Бүгін сағат 12.00, "Халық Парламенттің" мүшелері, Мұхтар Тайжан, Батыр Адайбаев, Әменова Жібек, Асылбек Қараев, т.б. Жаңаөзен мұнайшыларының жағдайына байланысты баспасөз-маслихатын өткізіп мәлімдеме жасайды" деп хабарлаған. Оның үйіне полиция тура сол күні таңертең 10.50-лерде, баспасөз мәслихатына 1 сағат қалғанда келіпті. Ал Тайжан олардың келгенін түсіріп, пост жариялап та үлгерді. 15 күннен кейін шығаратын жазбасы одан да әсерлі болуға тиіс.

Айдары: Дүрбі 13.04.2023 83

Қатысты мазмұн