Серікжан Біләшұлы қазақты аштан қатырып ашындырмақ

none

Қазақстаннан «саяси көзқарасым үшін қуғын көрдім» деп өзін-өзі жарнамалап жүрген, алдымен Түркияға, содан соң АҚШ-қа кеткен Серікжан Біләшұлы қазаққа қолдан аштық жасамақ. Еуропада қашып жүрген экс-банкир, олигарх Мұхтар Әбілязовпен әмпей-жәмпей болып жүрген ол одан қалыспауға бел буған, тіпті оған төңкеріс жасаудың инструкторы да болмақшы.

Бір видеосында Әбілязовты жақсы көретінін, оны қайтпас батыр деп санайтынын айтқан ол ендігі жолы оған халықты ереуілге шығарудың амалын ұсынды. Алдағы президент сайлауында халықты көше-көшеге шығарып, елде төңкеріс жасап, қан ағызуға асығып, соған алдын ала айызы қанып отырған Әбілязовтың тактикасы оның ойынша дұрыс емес. Сондықтан Біләшұлы Қазақстан халқын ереуілге шығарудың «жаңа тетігін» ойластыруда.

«Халықты ереуілге шақыру үшін сол халықты ереуілге мәжбүрлейтін факторлар керек», - дейді өзін-өзі Әбілязовқа нұсқамашы етіп тағайындаған Серікжан Біләшұлы. Оның пікірінше, тек қана саяси ұранмен халық көшеге шықпайды. Халық соған мәжбүр болғанда ғана шығады. Баға қымбаттағанда, сол сияқты жағдайда ғана халық жанбағыс үшін соған барады. Немесе бір-ақ күнде Қазақстанда ұнды жоқ қылып тастау керек. Бір-ақ күнде Қазақстандағы етті тасып әкету керек. Сонда 30-шы жылдардағы аштық кезіндегідей жағдай орнайды. Немесе Құлыбаевпен сыбырласып газдың бағасын көтеру керек, дейді.

Өзін керемет саяси технолог, халықтың жанашыры деп көрсетіп жүрген Біләшұлы қазақ халқын саяси білімі мен көзқарасының дейгейі төмен деп ашық айтады. Оның ойынша, қазақ халқының осы кемістігін пайдалану керек екен. Халықтың санасына емес, оның қарынына әсер ету үшін Қазақстанда әдейі азық-түлік тапшылығын тудырып, төңкеріс жасауды көздейді.

Айдары: Түтін 26.10.2022 132

Қатысты мазмұн