Серікжан Біләш өзі отырған «бұтақты кесіп» тастады. Неге?

none

Қытай қазақтары көсем санайтын Серікжан Біләш өзін және «Атажұрт» қозғалысын қаржыландырып жүрген кәсіпкер Ерлан Бекмырзамен текетіресіп жатыр. Бұл жағдай мәмілеге қайтпайтын конфронтацияға өтті. Олар бірін-бірі «алаяқ, суайт», «АҚШ-та миграциялық ахуалды ушықтырып заңсыз адам тасыды» деп айыптайды. Бұл дауға көп қазақ тартылды: бір топ Серікжанды ақтап сөйледі, енді бір топ Ерланды жақтап сөйлейді. Дегенмен, кикілжіңнің триггеріне, түпкі мазмұнына үңіліп жатқан ешкім жоқ. Мен сол олқылықтың орнын толтырып, ақиқатты айтуға бел будым. Кикілжіңнің алғашқы кезеңіндегі гәпті анықтау үшін бірнеше адамға мәлімет беру қажет.

Серікжан Біләш – Нью-Йоркте тұрады, ҚР азаматы, кәсібі – көсемсу, белі қайысып жұмыс істеп табыс табатын еркектің сортынан емес. Оның босқындар жатағында яки жеке үй жалдап тұратыны белгісіз. Ол өзін іздеп барған қазақтарға мекен-жайын көрсетпейді, құпиялап жүр. Серікжанның әйелі үш баласымен Голландияда тұрады, неге екені белгісіз, ол бала-шағасын АҚШ-қа әкеліп алуға әрекет жасауға құлықсыз.

text

Қалбынұр Әукен – қырықтан асқан, үш баласы бар жесір келіншек, ҚР азаматы, Нью-Йоркте тұрады, үйі бар, кәсібі – маникюр-педикюр, табысы – орташа. Ол 2010 жылдардың басында туыстарымен бірге Қытайдан Қазақстанға көшкен, бұл отбасы Қытайдың 2017 жылы басталған геноцидтік саясатына ілікпеген. Қалбынұр 2015 жылы күйеуі Мұқтаржанмен бірге бір ұлын алып, өмірге жайлы жер іздеп, Қазақстаннан АҚШ-қа келген. 2007 жылы туған тұңғышы Сила Қазақстандағы ата-әжесінің қолында қалды. АҚШ-та Мұқтаржанның отбасына тағы бір бала қосылды. Қалбынұрдың күйеуі Мұқтаржан осыдан бір жарым жылдай бұрын қайтыс (жүрек талмасы) болды.

Ерлан Бекмырза – кәсіпкер, ҚР азаматы, Алматыда Қазақ-Британ университетінде оқыған, қазақ, қытай, орыс, ағылшын тіліне жетік, замануаи технологияны қолдануды жақсы меңгерген. Үйленген, бір баласы бар. Кәсібі – халықаралық сауда, тауар логистикасымен шұғылданады, әлемнің көптеген елдерінде офис ашып жұмыс жасайды. Қазір ол АҚШ-та жүр. Ерлан - ақша санаған кәсіпкер болса да, идеалист, саясатқа қызығады. Оның «Атажұрт» қозғалысына, Серікжан секілді саяси белсенділерге қаржысымен көмектесіп жүруі сондықтан. Сонымен қатар, Ерлан - аңғал, тым сенгіш. Серікжанның «Сендер Қытайдан зәбір көрген қазақтарды АҚШ-қа әкеп беріңдер, оларды ойбайлатып кезек-кезек Конгресте сөйлету менің міндетім», «Атажұрт» атауымен партия құрып, Қазақстанның саясатын өзгертеміз, демократия орнатамыз», «АҚШ-тағы ұлты қытай құқықорғаушы Боф Фу (Bof - діни лауазым, Fu – қытайдың есімі, ал бұл қытайдың толық есімі басқа) – демократ, ол Қытайдағы қазақтарға да жаны ашиды, сондықтан сонымен тізе қосып жұмыс істеп жатырмын» және тағы басқа да пафосты сөзіне Ерлан кешеге дейін имандай сеніп жүрді. Ол Серікжанның қалауын әрқашан орындауға тырысты...

«Сила операциясы»

Былтыр Дубайда офис ашып бизнес жасап жүрген Ерлан Бекмырза кәсібін АҚШ-та жалғастыруға ойлайды. Дәл осы тұста оған Серікжан хабарласып Қалбынұрдың кәмелет жасына толмаған қызы Силаны АҚШ-қа жеткізіп беруін өтінеді. Сол мақсат үшін Ерлан бала-шағасын (әйелін, 2 жасар баласын) ертіп Стамбұлға келіп, Силаны күтеді. Силаны Қазақстаннан Түркияға «Атажұрттың» «әмияны» саналатын Тілек Ниязбек (халықтан жиналатын «5-10 теңге» айлық жарна Тілектің каспиголдына түседі) 15 тамызда жеткізіп береді. Силаны АҚШ-қа жеткізудің схемасы мынандай: Маршрутты Серікжан айтып отырады. Ерлан Силаның барлық билеттерін (ұшақ, кеме, автобус) кезегімен өз ақшасына сатып алып жүреді, ол шығынның орнын Қалбынұр Ерланға ақша аудару арқылы артынша толтырып отырады (Силаны қасына алу үшін Қалбынұр қызы үшін 6,5 мың долларын жұмсаған).

text

Серікжанның жол көрсетуі бойынша, Ерлан бастаған топ Эквадорға (Оңтүстік Америка) келеді. Осы тұста айта кетейк, Ерландар Стамбұлдан Эквадорға дейнгі билетті Серікжанның қытай досы Боф Фудың адамдары арқылы сатып алады. Олар әр адамнан 2,5 мың доллардан алады (Ерланның Боф Фуға аударған ақшасының чегі бар).

Серікжан Эквадорға жетіп алған Ерланға әрі қарай АҚШ-қа өту үшін тағы да Боф Фуға хабарласу керегін айтады. Боф Фу Эквадорда отырған тағы бір Қытайға сілтейді. Ол қытай енді Ерлан тобындағы адам басына 10 мың доллар, яғни 40 мың доллар талап етеді. Әрине, қазақ кәсіпкердің қолында ондай ақша жоқ-тын. Сондықтан Ерлан АҚШ-қа Мексика жерінің Техас штаты тұсынан емес, басқа тұсынан өтудің жай-жапсарын анықтайды, амалын қарастырады, жолда қиналып қалмас үшін әйелі мен жас баласын Дубайға қайтарып жібереді. Силаны қасына алып, жер-су-әуе көлігін пайдаланып бірнеше елді басып өтіп, Мексика шекарасының Калифорния штаты тұсынан АҚШ-қа өтіп, Силаны Қалбынұрға жеткізіп береді.

text

«Сила операциясын» сәтімен жүзеге асырған Ерланды Америкадағы ұлты қытай «құқық қорғаушы-демократтармен» достасып алған Серікжан осы жолы кәрін төгіп, қатты сөз айтпаса да, жақтырмай қалған еді. «Боф Фудың 40 мың долларлық ұсынысын қабыл алмай, неге өз бетіңше кісімсіп кеттің» дегендей томсырайған кейіпке еніп алыпты. Дегенмен, бұл жағдай Серікжан үшін Ерланмен бітіспес конфронтацияға ұласатындай мардымды себеп бола алмады. Қызын көріп көзайым болып, қатты қуанып, шаттыққа бөленген Қалбынұрдың көңілін Серікжан да аяқасты айқай шығарып бұзғысы келмеді...

Қандай жағдай болмасын Серікжанды қаржысымен қолдап келген Ерланның да көңілінде «Сила операциясынан» кейін күдік пайда болды. Оны сол кезде «Серікжан ағам қытай достарының көмегімен менің қалтамды қағып алмақшы болды ма?!», «Серікжан ағам қытай Фумен бірлесіп, заңсыз мигрант тасымалдау бизнесінен өзіне үлес алып отыр ма?!», «Менің басымды отбасыммен қоса қатерге тікті-ау» деп ойлағаны анық. Сондықтан ол Серікжанның қытай досы Фудың АҚШ-та немен шұғылданатынын зерттеген.

Зер салып қарап отырса, Фу христиан миссионерінің кейпіне еніп, атына «Боф» деген діни термин жалғап, Қытайдан қашқан тибеттіктерді құқығын қорғаушысымақ болып алыпты. АҚШ қоғамында тибеттіктерге деген оң көзқарас бар. Осыны біліп алған Фу бастаған бірнеше қытай «Қытай компартиясынан зәбір көрген, діни наным-сенімі бойынша қудалауға ұшыраған тибеттіктерді еркін Америкаға алып келеміз» деген желеумен заңсыз бизнес жасап жүр. Фудың құйтырқы схемасы бойынша, кез келген азиатты Мексика мен Техас шекарасының маңына әкеледі. Фудың көлік мінген діни миссионерлері шекарадан өтіп, Мексикада отырған мигранттарды тиеп алып АҚШ-қа қайта өтіп кетеді екен. Тіпті олардың көлігіндегі адамдарды шекара қызметі тексермейді, тексерсе де «бұлар тибеттіктер» десе, сөзге келмей жібере салады. Әрине, жоғарыда айтып өткендей, Фудың тобы өздерінің қызметі үшін мигрант «тибеттіктерден» көп ақша сұрайды, бейшаралардың қалтасын түбіне шейін қағып алуды ұтымды бизнес стратегиясы деп қарайды. Дінді, демократияны бетперде еткен осындай лас тірліктің бір шетін Серікжанның күйттеп жүргені Ерланды қатты қынжылтты. Дегенмен, қытай қазақтарының көсеміндей сезініп, әбден бұтқа толып алған Серікжанмен Ерланның да ашық конфронтацияға барғысы келмеді. Солай болса да, «Сила операциясы» Серікжан мен Ерлан арасындағы үлкен даудың, ұрыс-керістің былайғы жұртқа сезілмеген басты себебі тұғын...

Ораз Әлімбеков

(жалғасы бар)

Айдары: Дүрбі 09.02.2024 233

Қатысты мазмұн