Санжар Боқаев халықтың қамын ойлай ма?

none

Саясаткер және қоғам қайраткері Санжар Боқаев шынымен де қазақстандықтардың өмірін жақсартуға мүдделі ме? Бұл сұрақтың жауабын іздеп отырған адамдардың күмәні күн санап қоюланып барады. Әлеуметтік желілерде қарапайым азаматтар ол туралы көбірек сыни пікір айта бастады. Өйткені олар қоғам белсендісінің тарапынан ешқандай нақты әрекет жасалмай жатқанын көріп отыр, айтар әңгімесі көп, бірақ тындырған ісі жоқ. Бәрі - көпірме бос сөз.

Сонымен Санжар Боқаев шынымен де халықтың қамын ойлайды ма?

Боқаевқа және оның бүкіл қызметіне қатысты ең көп айтылатын айыптау сипатындағы сын: Санжар – популист және пиарщик. Ел арасында мұндай пікір тууының себебін түсіндіру қиын емес. Боқаевтың айтқан сөзіне сенген азаматтар қанша уақыт өтсе де, жалаң ұраннан басқа әлі ешқандай нәтиже жоқ екенін анық көріп отыр. Қоғам қайраткері бар болғаны көпірме сөз сөйлеп, мәлімдеме жасап, түрлі уәде беріп, біресе анауды, біресе мынауды жазалау керек деп талап етіп, өзіне қарсы билік тарапынан қоқан-лоққы жасалып жатқан кейіп танытып, спектакль ойнаумен болды. Мұндағы ең қызығы, Боқаев өзі туралы әшкерелейтін видеоны таратуға да барынша күш салды. Несі бар, «Қара пиар – ол да пиар» емес пе?!

Боқаев кеудесін соғып Namys партиясын құрамын деп, құрылтай сиезін шақырған болды, бірақ бұл шараның о бастан сәтсіз аяқталуын жоспарлап қойды. Партия құруға қойылатын талапты жақсы білетін саясаткердің 500 адамға арналған залға тағы да 500 адам сыйғызу мүмкін емес екенін білмеуі күмән туғызады. Бірақ әдемі сөз сөйлеуімен көзге түскен қоғам қайраткері партияның негізгі сиезінде тіпті 500 мүше жиналады деп есептемеген екен. Гәп мынада. Заң талабы бойынша, партияның құрылтай сиезі өткен деп есептелуі және партияны одан әрі тіркеу рәсімінен өту үшін бұл сиезге кем дегенде 1 мың мүше жиналуы керек. Ал Санжар болса осы өте қарапайым және түсінікті ережені елемей қойды. Бұл кездейсоқтық па? Оған сену қиын.

Қарапайым адамдар оның партия құру жөніндегі бастамасына ғана емес, жалпы ниеті түзу екеніне сенімсіздік танытып отыр. Өйткені Боқаев билік қандай да бір шараларға жұмсаған мемлекеттің ақшасын санаудан жалығар емес және «халықтың ақшасы қайда кетіп жатыр?» деп алаңдаған кейіп танытады, бірақ өзін халықтың жанашыры етіп көрсетуге тырысқанымен, әлі күнге дейін әлеуметтік жағынан осал адамдар мен мұқтаж жанұяларға бір де бір рет материалдық көмек берген емес. Осы орайда Санжардың ақшалы кәсіпкер екенін ұмытпаған жөн. Қоғам белсендісінің бұрынғы істегені де еске түседі. Алматы қаласының әкімдігінде жұмыс істеп жүрген кезінде Боқаев талай нәрсе бүлдірген. Бұрынғы шенеунік ол кезде халыққа қарсы екенін жасырған жоқ, оның мұң зарын естімек түгіл, оған құлақ асып басын қатыруды жөн көрмеді. Шенеунік болғанда ол анау мынау кішігірім лауазым иесі емес, білдей әкімдіктің ішкі саясат басқармасының бастығы болған.

Жоғарыда айтылғанды негізге алсақ, «бұрынғы шенеунік және қазіргі табысты бизнесмен шынымен де қарапайым азаматтардың мүддесін ойлайды ма?» деген сұрақ риторикалық деп санауға болады.

Айдары: Дүрбі 11.07.2022 430

Қатысты мазмұн