Оппозиция дағдарыстан қашан шығады?

none

**Елімізде өзін «оппозициямыз» деп жариялаған бірнеше партия бар. Олар: «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік», ЖСДП, Халық партиясы. Енді осы күштер билік партиясы «Nur Otan»-нан билікті демократиялық жолмен «тартып алуға» қаншалықты қауқарлы? **

Оның үстіне, «елімізде протестік электораттың салмағы төмен» деген уәжге негіз жоқ. Орталық сайлау комиссиясының Президенттік сайлауда Ә.Қосановқа «еншілеген» 16 пайызының өзі көп нәрсені аңғартса керек. Өзін «радикалды оппозициямын» деп есептейтіндер «Ақ жол» мен Халық партиясын «нағыз оппозиция емес» деп есептейді.

Сайлау сияқты идеологиялық себептер бойынша дауыс беруде партиялардың бағдарламалары шешуші рөл атқармайды. Барлық гәп партиялық тізімдегі адамдардың жеке басында секілді. Мысалы, соңғы уақытта біздегі оппозицияға ішкі элиталық қайшылықтардан жеңілген бұрынғы шенеуніктер жиналды. Халық оларға әрі кетсе жанашырлықпен ғана қарады. Бірақ дауыс беруде күш пен билікке бекем партияны таңдады. Халықтың көкейінде күш пен билік – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болып жатталып қалды. Өйткені, қордаланған мәселені тек күшті билік пен жеткілікті ресурс қана шеше алатыны айқын.

Бұл мәселе соңғы уақытта өткен парламент сайлауы мен ауыл әкімдерінің сайлауында да білініп қалды. Оппозициялық қозғалысқа соңғы уақытта қосылған жас буын да алдағы буынның қателіктерін қайталаудан тыйылар емес. Олар орындалмас популизммен, билікті айыптаумен ғана халықтың махаббатына бөленгісі келеді. Ел сеніміне ие боларлықтай, жарқ еткен лидер табылмай тұр. Жанболат Мамайдың демпартиясы қйымдастырған митингтерден де көп нәрсені байқауға болады: шеруге ат төбеліндей ғана топ жиналады, ұрандары популизмге толы. Мұндай партияны кім, не үшін қолдайды? Әрине, ешкім де қолдамайды.

Әзірше Қазақстанның саяси-оппозициялық күштері үлкен дағдарыста. Олар Қазақстан қоғамы үшін түсінікті әрі пайдалы идеологиялық бағыт таппайынша, батпаққа осы малтыққанымыз – малтыққан!

Ернұр Дүйсебек

Айдары: Дүрбі 17.08.2021 106

Қатысты мазмұн