Камилла Шоқанова шынымен де Әбілязовке сене ме?

none

Шетелде қашып жүрген олигарх, экс-банкир Мұхтар Әбілязовтың популистік оппозициялық сөзіне шын сеніп, өмірін жағымсыз жаққа бұрып күрт өзгерткен Камилла Шоқанова туралы баспасөзде жазылып жүр. qazpolit.org порталындағы мәліметке қарасасақ, ол Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды тәмамдаған. ҚДТ белсенді мүшесі. Камилла Шоқанова — Қазақстанда Мұхтар Әблязовті шын мәнінде пір тұтатын жалғыз адам шығар. Ал 2019 жылға дейін Камилланың өзі елге пір болған. Ол туралы мақалалар жазылды, сұхбаттарға шақырылды, әлеуметтік желілерде мыңдаған жазылушысы бар. Бұл қыз төзімділіктің, өзіне деген сенімнің үлгісі болды, ол церебрал сал ауруы диагнозымен өмір сүретін барлық адам үшін өте қажетті және дұрыс сөздерді тауып айта білді.

Өмірінің сол кезеңінде Камилла Шоқанова адам бойында бар ашу-ыза туралы көп айтты. Ол ашуланудың мейірімділікке жол беретініне өте қатты сенді. Бірақ бәрі керісінше болды – адамдарға көмектесетін жарқын қыздан Шоқанова ҚДТ-ның агрессивті жақтаушысы болып шықты және Телеграмда ғана бар «Көше» партиясының мүшесі болды, ал ақырында әбден есін жоғалтып алғандай.

2019 жылға дейін Шоқанова арандатушылық посттар жазды, бірақ содан кейін оның мақсаты церебрал сал ауруы бар адамдар басқалар сияқты өмір сүруге құқылы екенін көрсету болды. Ол осындай диагнозы бар балалардың ата-аналарына тренингтер өткізді, оларға баласын қабылдауға және оған қоғамның толыққанды мүшесі болуға көмектесуге үйретті.

«Мен денемен емес, жанмен жұмыс істейтінімді атап өткім келеді. Маған «ұлым 4 жаста, оның церебрал сал ауруы бар, не істеу керек?» деген сұрақ көп қойылады. Балалар кішкентай, олар өте бақытты, олар әлі ештеңе білмейді. Ал мен дәрігер емеспін. Церебрал сал ауруы – өте күрделі ауру. Әр көрініс өзінше. Мұндайда физикалық қалпына келтіру тұрғысынан барлығына бір кеңес бере алмайсыз. Мысалы, менде көптеген патологиялар бар, оның кесірінен талып қала беремін.

Бірақ дәрігерлер маған ешқашан жүре алмайсың дейтін. Қабырғадан ұстап, ұзақ уақыт жүргенім есімде. 6-7 жасқа дейін. Ал 9 жасымда тепшектен көтеріле алатын жағдайға жетіп, төбем көкке бір елі жетпей қалды. Осы қуаныш сезімі жақсы есімде – бұл мен үшін ерлік болды. Қолымнан келетінін сездім! Сондықтан бәрін де жеңуге болады! Бәрі жақсы болады!», — деді ол сұхбаттарының бірінде. Камилла Шоқанова туралы БАҚ-тағы 2019 жылға дейін жасалған жарияланымдардан оның отбасында қарым-қатынас керемет болмағанын білуге болады, мамандығы бойынша ол заңгер, интерьер дизайнын ұнатады және кейде оны әзірлеуге тапсырыс алады.

2019 жылдың басында Шоқанова өзінің «БЦА-сыз, ұзын мұрынсыз және басқа да қиындықтарсыз өмір сүр» атты кітабын шығарды, онда «церебрал сал ауруы диагнозы бар қыздың рухы мықты» деген қолтаңбасын жариялады. Камилла кітап туралы былай деген: «Отбасы туралы айту қиын – бізде детектив дейсіз бе, әйтеуір тұтастай бір сериал бар. Одан да жаман болмас үшін мен үндемегенді жөн көремін. Кітап кезекті бір жанжалдан кейін пісіп жетілді. Сол жанжал менің жазуға деген ынтамды оятты. Жұмыс туралы да көп айтпаймын. Менің өз бизнесім бар. Мен оны өз атыммен байланыстырғым келмейді. Сондықтан мен қайда жұмыс істеймін деген сұраққа жиі өтірік жауап беремін. Немесе бұл церебрал сал ауруына ешқандай қатысы жоқ деп айтамын».

Алайда, Камилла сол кезде де ашық хайп тақырыптарынан алшақ бола қоймады: тіл мәселесіне қатысты болды, секс туралы жазды, бірақ 2019 жылдың жазында Камилла Шоқанованың жарияланымдарының басты тақырыбы Әблязов, ҚДТ (ДВК) және митингілер болды.

2019 жылдың 8 шілдесінде Камилланың фейсбуктегі парақшасында Мұхтар Әблязовқа арналған бірінші пост пайда болды. Шоқанова ара-тұра өз сөзіне өзі қайшы келетін ойларын да айтып қалады, оның ішінде барлық әлеуметтік желіде банкирден сұхбат беруін сұрағанын және ол «еш қиындықсыз келіскенін» жазғаны туралы жазбасы бар.

«Біз көп нәрсе туралы сөйлестік. Мылқау билік туралы, 2019 жылғы сайлау туралы, Мұхтар не жегенді ұнатады және жастықтың құпиясы неде? Сондай-ақ, Иван Годунов туралы (Ресейдегі прецедент), Навальный неге тірі екендігі туралы.

"Экстремизм" анықтамасы туралы әңгімелестік. Мен ҚДТ бағдарламалары экстремистік деп тұжырым жасауға болатын кем дегенде бір негізді іздедім. Сондай-ақ, 10 жыл түрмеде отырған Мұхтар Жәкішев туралы да айтылды.

Қысқасы, қараңыздар) Шыдамдылық танытқаны үшін Мұхтарға рахмет!», — деп жазды Шоқанова. Ал осыдан кейін Париж тұрғынына қатысты жазбалар қаптады. Осыдан кейін ол жалғыз адамдық пикет ұйымдастыра бастады, ал БАҚ-та ол «сал ауруы бар модель» деп емес, белсенді деп атала бастады.

Әблязовтің шахмат партиясының біреуі ме?

Камилла Шоқанова «режиммен күрес» ісіне ден қоюына не себеп болғанын айту қиын. Өмірлік миссиясы сол деді ме, әлде Мұхтар Қабылұлының сөзінен әсер алды ма, әлде оның манипуляциясының құрбанына айналды ма, әлде тіпті ҚДТ идеяларына санасыз кіріп кетіп, Әблязовтің өзіне қызығы жоқ екенін түсінбеді ме, жұмбақ. Кейбір сарапшылар Камилланың әрекетінен ресейлік мүгедек белсенділердің ізін көреді.

Политтехнологиялық ойындардың бір бөлігі деп те аталып жүр. Ал Шоқанованың өзі өз түсінігіне қарай ғана әрекет ететінін жазыпты. «Білесіз дер ме, кейбір адамдар маған Mukhtar Ablyazov маған ақша төлейді деп ойлайтыныны таңғалдырады.

Жұрт мұндайға қалайша сенеді?????? Қалай??????? Миы қайда??????? Осындай былжыраққа сене салатын адамдар барына таңғаламын».

Мысалы Шоқанова Әблязовті қолдайтынын үнемі айтады және «әрбір жеке адам «Мұхтар» болуды армандайды» дейді. Оның банкирге соқыр немесе сатып алынған сенімі оның қылмыстық өмірбаянын үзілді-кесілді жоққа шығарып, сотта дәлелденген ұрлық фактілерін мойындамайды: «Мүмкін, бір жарым жыл бұрын Mukhtar Ablyazov алаяқ әрі ұры десе сеніп қалуым мүмкін еді. Бірақ сенбеймін – Мен шындықты білемін».

Осы тұста Камилланың сұхбатынан үзінді келтіруді жөн көрдік: «Кітапты қате түсіндіретіндер фанатик болады. Мұндай кітаптың әрбір тармағына ден қойып оқу керек, нақты деректерді салыстыру керек».

Шоқанованың фанатизмі сұмдық. Сөз саптауында агрессия басым, ал белгілі бір әрекетке шақыруы қылмыстық кодекс баптарында қарастырылған.

Үндемегеннен үйдей бәле

2021 жылдың ақпан айында Шоқанова санкцияланбаған митингке қатысты, бірақ іс-шараның өзінде ол ұзаққа қала алмады: белгісіз адамдар оны көлікке отырғызып, үйіне апарып тастады.

Бұған белсенді қатты ашуланды, әлеуметтік желілерде бірнеше рет жазба жариялап, «мүмкіндігінше қинап өлтіргісі келетінін» жазды. «Балаларыңыз бен ата-аналарыңыз ауыр және қиналып өлсін. Осыны шын жүректен тілеймін. Менің тілектерім әрқашан орындалады!!!! Хайуандар!!!!!!», — деп қарғанды Шоқанова.

Бұдан басқа, Шоканова әлеуметтік желілерде митингілер кезінде қоршауда тұрған немесе полиция бөлімдерінде ұсталған қатысушылармен жұмыс істейтін полицейлердің жеке деректерін жариялаумен айналысады. Сонымен қатар, ол ата-аналарының, әйелдерінің, балаларының және тіпті тұрғылықты мекенжайларының мәліметтерін көрсетеді.

Шоқанова ҰҚК басшысы Мәсімовке қоқан-лоқы сөздер айтып, Жанар Ахметке жынын төгеді, «Мамайканы» әшкерелеп (Жанболат Мамай – еск.), «Азаттыққа» шағымдануға шақырады.

Бірақ оның «адамгершілік қыры» да көрініп қалып жатады. Мысалы, Шоқанова Алматыда қарашада өткен митингіне белсенді Юрий Толочконы ұрып-соғу оқиғасына қатысты наразылық білдірді. Тіпті Толочконың ЛГБТ құқығын қорғау үшін әйел киімін киіп келгені туралы пікір білдіруден бас тартқан Людмила Козловскаяға да тигізе сөйледі.

Осы жарияланымда Шоқанова «мұқтаж белсенділердің біріне» ай сайын материалдық көмек көрсетіп отырғанын жазды. «Біреулерді қаржылай қолдап, ал біреулерді қолдамайтыным туралы сұрақтар қойылып жатады. Бұл сұрақ әбден мезі қылып бітті. Бұл бір.

Екіншіден, әлеуметтік желідегі парақшаларымда көріп отырғаныңыздай, 50 мың теңге жәрдемақысы бар мүгедек екенімді ұмытпайық. Бәріне ақша аудара алмаймын. Қалап тұрсам да мүмкіндігім жоқ. Жұртқа пайдамды көбірек тигізгім келеді.

Бірақ жағдайға қарай отырып, ай сайынғы көмек көрсете аламын. Ең алдымен, мен үшін кімге көмектесетінім маңызды», — деп жазады Шоқанова.

Міне, осы тұста тағы да сұрақ туындайды: тек 50 мың жәрдемақы алатын және бір жыл өзін-өзі оқшаулайтын ҚДТ мүшесі Камилла Шоканова қай ақшасына өмір сүре алады?

Қазақстанда мұндай жәрдемақысы бар мүгедектер енді Алматының жаңа құрылысындағы пәтерге және ондағы қымбат жөндеуге қол жеткізе ала ма, Камилла осы жылдың қаңтар айында қалай қол жеткізді?

2021 жылғы 20 наурызда Камила Шоқанова митинг күні деп жариялады. Белсендінің үндеуіне Алматыдағы «Астана» алаңында кезекшілік ұйымдастырған полицейлер ғана келді — мұнда белсенділер мен Шоқанованың өзінен басқа ешкім де қара көрсетпеді.

Митингті ұйымдастырушының өзі айтқандай, бәрі «мылқау сценарий бойынша» өтті. Алайда, Шоқанова мұндай шағын акцияға қанағаттанбастан, әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шыға бастады.

Айдары: Дүрбі 03.10.2023 52

Қатысты мазмұн