Франция Әблязовке қарсы істі қайта бастады

none

Францияның кассациялық соты апелляциялық соттың қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әблязовке қатысты сот процесін тоқтату туралы шешімін жарамсыз деп тапты. Mediapart.fr сайтының хабарлауынша, Әблязов әлі де қаржыны талан-таражға салды деп айыпталып отыр.

«Бас прокурордың апелляциялық шағымына байланысты сот Париж апелляциялық сотының Тергеу палатасының 2022 жылғы 13 қаңтардағы қаулысының барлық тармақтарының күшін жою туралы шешім қабылдады және істі қайта қарауды талап етеді», - кассациялық соттың хабарласында осылай делінген.

Қазақстанда сот Мұхтар Әблязовті қылмыстық қауымдастық құрып, БТА банкінің қаржысын жымқырды деп кінәлі деа таныды. Оның өз әрекетімен келтірген шығыны 7,5 миллиард АҚШ долларынан асады. Ол басқаратын тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы республикада экстремистік ұйым деп танылды. Сонымен қатар, Әблязов 2004 жылы бизнес серіктесі Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сырттай сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қазір бұрынғы банкир демократ кейпіне еніп Францияда бас сауғалап жүр. 2022 жылдың желтоқсанында Францияның Босқындар ісі жөніндегі ұлттық соты (CNDA) Мұхтар Әблязовке саяси баспана беруден бас тартқаны белгілі болды.

2023 жылдың 18 қаңтарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мұхтар Әблязовті экстрадициялау неліктен мүмкін болмай отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, экстрадициялауға қатысты қиындық Франциямен тиісті келісімнің жоқтығынан туындап отыр, деп жазады Zakon.kz.

2023 жылдың 7 наурызында Францияның Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әблязовке сотқа келмегені үшін айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Айдары: Дүрбі 24.05.2023 50

Қатысты мазмұн