«Феминита» кімді қорғап жүр

none

Қазақстандық «Феминита» әйелдердің барлығын қорғай бермейді. Ұйымның сайтында айтылғандай, феминистік бастама Қазақстан халқының ең қысымға ұшыраған топтары (лесбиян, бисексуал, квир, мүгедек әйелдер, секс жұмысындағы (жезөкше) әйелдер) үшін әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени салаға өзгеріс енгізуге қабілетті әйелдер құқықтарын және белсенді қоғамдастықтарды құруға және нығайтуға бағытталған қарапайым квир-феминистік ұжым болып табылады. Яғни, жасап жатқан әрекетінің бәрі - бір жынысты феминизм. Бұл ұйым гейлердің, яғни гомосексуал еркекектердің құқығын қорғамайды. Сондай-ақ, дәстүрлі түсініктегі әйелдер ұйым қызметінің аясынан тыс қалады, мұндай әйелдер құқығын, мүддесін қорғау үшін ұйымнан көмек сұрай алмайды.

Жобаның ұйымдастырушылары олардың мақсатты тобында «queer» (квир) жыныстық және гендерлік кімдіктен тыс қалған барлық әйелдерді қамтитын «қолшатыр» термин ретінде қолданылады деп түсіндіреді. «Феминита» қолданатын «квир» сөзінің астарында гәп бар. Біріншіден, «квир» түсінігі барлық әрекетті арандату арқылы жүзеге асыруды көздейді. Сондықтан, «квирлер» дәстүрлі әйелдерге де, гендерлік бірегейлікке қырын қарайды. Феминизмнің гендерлік теңдік мәселесінің астарында еркектерге қарсы әрекет бар десек, ал «Феминита» әйелдерді де, атап айтқанда дәстүрлі әйелдерді алалап отыр. Бұл қоғамдағы араздық тудырудың негізі емей, неменне?!. «Біз феминизмнен қорықпаймыз және ол қысымға ұшыраған топтардың құқығын елеу, маңызды ету және көрсету үшін қажет деп санаймыз. Феминизм әйелдердің құқығымен шектелмейді, бұл адам құқықтары мен оның лайықты өмірін көздейтін қозғалыс», - делінген «Феминита» сайтында. Бұл енді «Феминитаның» көзбояушылығы, себебі феминизмде «квирге» басымдылық беретін ұйым жалпы адам құқықтарын қорғау мәселесімен үйлеспейді. Көріп отырғанмыздай, «Фемината» еркектерге қана қарсы әрекет жасайтын ұйым ғана емес, дәстүрлі әйелдердің ой-пікірін теріске шығарып, оларды тура жолдан тайдырып, азғырумен айналысып жатыр.

«Феминита» феминистік қозғалысының тең құрылтайшысы – Алматыдағы әйелдер құқығын қорғауға бағытталған барлық акциялардың негізгі ұйымдастырушысы Гүлзада Сержан. qazpolit.org мәліметіне назар аударсақ, шын мәнінде, «Феминита» қозғалысының бүкіл қызметі әйелдердің ішіндегі сексуалдық азшылық өкілдерінің құқығы мен мүддесін қорғауды көздейді. «Гүлзада бала кезінде-ақ ұлдарды емес, қыздарды ұнататынын түсінді. Құрбылары ұлдармен кездесу туралы әңгіме айтып жатқанда, оның қыздармен кездескісі келді. Бірақ ол кезде Қазақстанда бұл әдеттен тыс еді. Сондықтан Гүлзада Мәскеуге оқуға түсуге мүмкіндік алған соң, ол жақта өзі сияқты қыздармен танысамын, өзім сияқтылардың ортасына түсемін және қыздармен кездесуге барамын деп нық шешті! Бәрі осылай болды да. Қазір Гүлзада Қазақстандағы осындай әйелдердің өздерін аластатылған адамдай сезінбеуіне көмектесу үшін жұмыс істеп жатыр», - деп жазады FemAgorа сайты.

Осы мәлметтің өзінен-ақ Гүлзада Сержан бала кезде ауытқу бойынша қалыптасқан психикасының кепілінде қалғанын көреміз, яғни ол ұл баланы ұнатпаған, бұдан еркек атаулыға әлдебір өшпенділігі бар деп ой түюге болады. Ақиқатында, феминизм түсінігі еркектерге қарсы өшпенді қозғалыс емес, әйелдердің теңдігін, яғни саяси-экономикалық-әлеуметтік теңдігін талап етеді. Бұл көптеген саяси партиялардың бағдарламасына гендерлік саясат ретінде енген. Мысалы, Қазақстандық партиялар депутататтық мандаттың 30 пайыздық үлесін әйелдерге беріп отыр. Үкімет құрамын жасақтағанда да әйелдердің үлесін сақтауға тырысады. Дегенмен, Қазақстан дәстүрлі қоғам, сондықтан саясатқа араласатын әйелдер көп емес. Соның салдарынан үкімет гендерлік саясатты өз деңгейінде жүзе асырамай келеді.

«Феминита» қозғалысының Гүлзада Сержан мен Жанар Серкебаева құрған. 2017 жылдан бері «Феминита» бастамашыл тобы ұйымды тіркеу үшін Алматы қалалық Әділет департаментіне үш рет өтініш берген. Ұйымын тіркеуге үш рет әрекеттенген белсенділер ақыры Әділет департаментін сотқа берді. Медеу аудандық соты мен Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы белсенділердің талабын қолдамады.

Ал халықаралық HRW ұйымы Қазақстандағы апелляциялық соттың «мүмкіндігі шектеулі әйелдердің, ЛГБТ қоғамдастығына жататын әйелдер мен секс-жұмыскерлердің құқықтарын қорғайтын» топты тіркеуден бас тарту туралы шешімін айыптап мәлімдеме жасады. «Феминита» журналистерге арнап «ЛГБТИК+ қоғамдастығы туралы сенімді және сенситивті журналистік жұмысты қалай жүргізуге болады?» арнайы курс әзірлегені белгілі. Басқасына қоса, онда «ЛГБТИК+ қоғамдастығын атаған кезде дұрыс терминологияны пайдалану» бойынша нұсқау берілген.

«Феминита» жалпы феминизм қозғаласын тұтас қарамай, әйелдердің өзін алалалап отырса да, Алматыда өткен барлық феминистік шерулердің ұйымдастырушысы болған. Мәселен, 2018 жылдың тамыз айында Алматыдағы Арбатта осындай акция өтті. Әрине, «Феминитаның» екі басшысы да «квир» болса, феминистік шерудің агрессивті болатыны заңдылық. Олардың әрекеті дәстүрлі қаоғамға деген өшпенділікті байқатты. Осыдан кейін Жанар Секербаева ұсталды. Ол бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сол полиция бөлімінен Гүлзада Сержанға да ресми шақыру қағазы жбірілді.

Дегенмен, «Феминита» өкілдері феминистік акциялармен шектелмейді. Мысалы, 2020 жылдың ақпанында Гүлзада Сержан Қазақстан Демократиялық партиясының заңсыз өткізген митингісінде ұсталды. 2021 жылдың қаңтарында ол Жанар Серкебаевамен бірге ҚДП-ның парламенттік сайлауға қарсы митингісіне қатысты.

2021 жылдың 8 наурызында Гүлзада Сержан «Феминита» қозғалысының өкілі ретінде Алматыдағы феминистік шеруге қатысты. Ұйымдастырушылардың ойынша, әйелдер құқығын қорғауға тиіс ұрандармен қатар, іс-шараның тақырыбына аса қатысы жоқ мәселелер де қозғалды. Мысалы, ұранның бірі «виртуалды қоймаға» және ілеспе жүкқұжаттарға қарсы болды. Алматы билігі рұқсат берген шеруге әйелдер құқығы үшін күресушілермен қатар ЛГБТ (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар және трансгендер) өкілдері де жалаулатып қатысты. Бұл жерде адамдардың «Феминита» қозғалысының түпкі мақсатын түсінбейтіні тағы да байқалды. Себебі, ЛГБТ еркектер мен дәстүрлі әйелдерге «Феминита» жетекшілернің өшпенді көзқараста екенін жоғарыда айттық, солай болса да шеруде феминстер де, гейлер де тізе қосып бірге жүрді.

2020 жылдың маусым айында «Феминита» мен «Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорымен» (жетекшісі З.Батталова) бірлесіп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы және гендерлік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша онлайн форматында сараптамалық кездесу өткізді. Соның шеңберінде «Феминита» заңнамалық және тарихи аспектілердегі гендер мәселелеріне қатысты ақпараттық және талдампаздық қысқаша анықтама дайындап, онда гендерлік теңдікке, гендерлік бағдарламаларға және жалпы «жынысқа» теңестіруге болмайтын «гендер» ұғымына регрессивті емес, прогрессивті көзқарасты сақтау қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет атап өтті. Әрине, бұл да қате түсінік. «Гендер» ұғымы ешқашан регрессивті қарастырылған да,адам жынысына теңестірілген де емес, мұнда еркек пен әйелдің қоғамдағы теңдігі мәселесі қамтылып тұр. «Үй ішінен үй тіккен» секілді «Феминат» феминизмнің өзін бөлшетеп алып, өзге аікірдегілерге өшпенді әрекет басап отыр емес пе. Оған тағы мынау мысалды айтуға болады.

2020 жылдың 15-17 ақпанындаа «Феминита» белсенділік бойынша мини-тренинг өткізді. Ол жаңа адамдарды белсенділікке тартуға шақырып, ЛБКТ (!) қоғамдастығының қажеттіліктерін түсінуге және жаңа идея ұсынуға бағытталған. Олар ЛГБТ атауын өзгертіп ЛБКТ (лесбияндар, бисексуалдар, квирлер және трансгендер) деп отыр. Бұл жерде тағы да Гүлзада Сержан мен Жанар Серкебаева гейлерді адам санатына қоспай, еркектерге өшпенділігін көрсетіп, дәстүрлі әйелдерге, жалпы феминизм идеясын қарсы бағытталған «квирлерді» қоғамдастығына қосып алды.Сөйтіп, Қазақстанның түрлі аймағында тұратын ЛБКТ қоғамдастығының өкілдеріне артықшылық берілді. Бір қызығы осы жобаны еркек демей, әйел демей, жалпы адам құқығын қорғаумен танымал болған норвегиялық Хельсинки комитеті қолдады.

«Феминита» 2018 жылдың тамыз айында Алматыдағы Арбатта етеккір тақырыбында аты шулы фотосессия өтті. Айтуынша, ол қыздарда, әйелдерде етеккірді дестигматизациялауға арналды, «өйткені бұл тақырып қазақ қоғамында әліге дейін ұят болып саналады: от туралы айтпайды, талқыламауды жөн көреді, орыс және қазақ тілінде осы физиологиялық процеске түрлі эвфемизм немесе «етеккір» сияқты тікелей стигматизациялаушы сөздерді қолданады» екен. Осындай қоғамда жоқ ойды «Феминитаның» қайдан шығарып алатынын түсінбейсің. Бұл хайптан гөрі, дәстүрлі қоғамға деген әлдебір өшпенлікті көрсетудің акциясына ұқсайды.

Биыл мамыр айында Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан Халықаралық лесбофобия, квирфобия, гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы күрес күнін атап өтетінін хабарлап желіде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі алдында 6 түсті кемпірқосақ үлгісіндегі ЛГБТ туын ұстап тұрып түскен видеоны таратты. Олардың бұл әрекеті қазақстандықтардың ашуын келтірді.

«Баршаңызды гомофобия, бифобия, трансфобия, лесбофобия және басқа да фобия түрлерімен халықаралық күрес күнімен құттықтаймыз. Биыл біз «күлгін киіз» үй іс-шарасын сәтті өткізген Алматы мен Түркістанда сіздермен бірге тойлап жатырмыз. Адам құқығы қорғалған жер киелі жер» - деп жар салды қос белсенді.

Әлеуметтік желіні қолданушылар еліміздің киелі жеріне барып ЛГБТ туын көтеру дұрыс емес деген пікір білдірді. Өйткені бұл адамдардың құқықтарын қорғау үшін емес, хайп жасау үшін жасалды, бұл арандатушылықтан басқа ештеңе емес деп те жазылды. Жұртшылық осындай іс-шара өткізу үшін неліктен дәл осы жердің таңдалғанына ашуланды.

Әлбетте, әр адамның бұл мәселеге қатысты өзінің ұстанымы болуы заңды. Адам құқығын бірінші орынға қоятын демократиялық елдерде бұған сабырмен қарайды. Еуропада екі еркектен немесе екі әйелден тұратын жұп гетеросексуалды жұппен бірдей құқықтарға ие. Кейбір ЕО елдерінде олар үйленіп, тіпті бала асырап ала алады. Жыныстық азшылыққа жататын адамдардың ерекшелігі оларды қудалауға негіз болмауға тиіс екені түсінікті.

Бірақ осы мәселені көтеріп, мен мұндалап насихат деңгейіне жеткізу ақылға қонымсыз. Адам сексуалдық ориентациясын мамандық таңдағандай таңдамайтыны анық. Құдай о баста ер не әйел жынысты етіп жаратқан адамда мұндай сұрақ тумайды. Ал ересек болған кезде туындаған жағдайда, әлбетте, шешімді өзі қабылдағаны дұрыс. Дегенмен өзінің ЛГБТ-ға жататынын көрсетіп, баршаға паш ету орынсыз сияқты көрінеді. Сондай-ақ қазіргі заманның үрдісіне айналып бара жатқандай, жас балаларға қандай жыныс таңдайтынын сұрап, онда болашақта еркек әлде әйел болатыны өз еркінде, кез келген жынысқа үйленуге болады деген ой туғызу қауіпті.

Біздің дәстүрімізге сай келмейтінін, әлем діндерінде де бұған оң көзбен қарамайтынын былай қойғанда, мұның болашақта қандай нәтижеге алып келетіні шын мәнінде белгісіз. Қазір қалаған жағдайда операция жасап адамның жынысын өзгерту үйреншікті жағдайға айналып бара жатқаны рас. Эволюция барысында бұл үрдіс осылай кете берсе, болашақта адам мен аңдардың хромосомаларын зертханада будандастырып, ежелгі діндердегі құдайлардың үлгісімен бастың орнына құстың басын немесе дененің орнына аттың денесін таңдайтын, сөйтіп жаңа түр шығаратын фантастика шындыққа айналуы ғажап емес. Қалай болғанда да адамдар Жер бетінде адамзат ретінде сақталуын ойлауы қажет.

Айдары: Дүрбі 16.11.2023 97

Қатысты мазмұн